Мейір Оразғалиев: М. Хайдеггер - Б. Брехт - А. Сүлейменов - Д. Жылқыбай төрт тағаны

ӘДЕБИЕТ
4619

"У смерти будут твои глаза"...

Чезаре Павезе

Кітап аты – «Бесін», авторы – АС» делінетін; Адасқақ, сол Адасқақты Қаратаудың шертпелеріндей жалғаусыз, жұрнақсыз жазды делінетін; "Ақ кемпірдегі: адам табылса көр табыларды" ойдың шыңырауындағы шашылып түскен тіркестер мен ажалдың катарсисіне қан тамғызған, Байронның қатпар-қатпар афоризмдерін тілшелейтін, Брехттің табытын өз табытындай көрген Сүгірдің досы - Сүлейменов, Асекең, Асқар Сүлейменов. Созақы шабандоздай-ақ Созаққа соңғы трамвай келіп тоқтады. Аялдамада Досхан, Досхан Жылқыбай. Болмысы - поэзия, сезімсіз сезімдерінің жазулы эпосы - Алматы. Өмірінің басталуы - өлім, өлімінің финалы - өмір.

Қаламыңнан қалшылдап жүгіретін, қаламыңнан қыршылып жүгіретін қызыл май тіркестер буыннан буынға, шүйдеден бақайға дейін қаныңды ысқылап, бүйректің бүлкілі мен кілкіген әріптеріңнің қамау терін алып, қасаң - қағидаларды қирататын ойлардың шексіздік атаулы шамырқанысына ашу алдыртатыны беу, шіркіннің кері. Сөздің дауасы мен сөйлемнің ыңғай берері құлдидан ылдиға сермеген қанатыңның қағысы. Ойдың жауырлығы емес, ойдың ауырлығы жазушы аталатын халықты түпсіз, түпсіз шүңетке тастайды. Әбіш Кекілбайдың өзі секілді, Еңсеп секілді, Еңсеп қазған, Еңсеп өлген шыңыраудан табылады.

Поэзия мен прозаның жатыры әдебиет десек, діні басқа, ділі де. Жабылық пен тағылықтың бас көтер тұсы осы. Кеңістігі жоқ кеңістікте Есениннің поэма-реквиемі "Чёрный человек" Англетерде аяқталды. Есенин дәуірі, орыс поэзиясының дүбірлі эпохасы Англетерде қазаның қаралы кебін киді. Бұйра шашы желбіреп өлген Сергейдің ұлы Пушкин Сервантестен қалған тәмсілді, Сервантестен қалды дейтін "сөз магиясына" иек сүйейді. Мұқағалидың Серёгасы Маяковскиймен о дүниенің мәйханаларында бұ дүние жайлы күңкілге басады. Бард ақын Владимир Высоцкий гитарасынан дәуір үнін қатады. Асқар Сүлейменовтың дәуір үні бұл емес. Досхандікі де.

Алматының Пушкин - Дантесі, Бунин - Набоковы, Есенин - Маяковскийі Әмірхан Балқыбектің түсінде кетті. Соңы не болар екен?!.   Иосиф Бродскийдің Чеховқа жазған өлеңі эссеистің жазушыға деген космостық интеллигенті. Дінсіз - діндарлық, атеистік - Құдайтану. Кванттық философиядағы ойсыз ойдың темпераменттік хаосы.

Философиядағы мәнсіздік - өлімнің соңғы аялдамасы. Түптеп келгенде философия ештеңе білмейді. Оны бізден гөрі шалекең Достаевский жақсы түйсінеді. Бәлкім, Венеция емес, Алматы скульптрасындағы сетінеген ойсыз ойлардың мавзолейінен "Матрицаның" бұзылмайтын ақиқатын бұзып, Сизиф туралы аңыздың Камюлік катастрофасын галактикалық қиялдағы тозақтың тоғыз шеңберінен Асекең секілді өткізсе дейсің. Өмірдің тозағы бір басқа, өлімнің тозағы әрине, ол тіптен бір басқа әңгіме екені күмәнсіз, күмәнді дүдәмәл сауал.

Джексон Поллок. Күзгі ырғақ

"Бәрі бұлыңғыр. Түсініксіз. " Жазушының осыған дейінгі кредосы осы. Осыдан кейінгі харизмасы мен характері қоғамдық елең-алаңға көк етін сылып, жазу үстелінде бауырын жазып, буынын бекітіп, Фиджеральдтың почерк-графикасымен қисая өргізген ойлары мірдің оғындай ондыққа тиген оқсыз оғының шүріппесіне ілінеді.
Стаинның "жоғалған ұрпағы" түсінікті, түсініксіз "жоғалған ұрпақтың" құрбандары Досхан ғасырының кейіпкерлері.

Қазақстанда емес, италияда дүниеге келсең Мила Массимо болар ма едің, кім білсін?!. Диланның музыкасы әлемді құтқарса құтқарар, әдебиет әлемді құтқарады дегенге сенбеймін, сенгім де келмейді. Поэзия туралы әңгіме екі бастан біткен емес, бітпейді. Прозаны әу бастан ұнатпаймын. Дадаист Дюшанды да.

Досхан Жылқыбай сөйлемдерінің иін-иірім тағдыры жазылып жатыр. Қазақ әдебиетінен де Бродский табылып қалар, бірақ Чехов стильіндегі жазушының төбе көрсетуі қиын-ақ. Дегенмен... (Пушкин - Бердяев - Байрон - Ницше) емес, М. Хайдеггер - Б. Брехт - А. Сүлейменов - Д. Жылқыбай төрт тағаны.

Бокетто - Отан жайлы ән айтады. Біз де отан жайлы әнімізді айтамыз. Чаплиннің кинематографиядағы штрих кодтары секілді. Алматы Париж боламын дейді. Бунині жоқ Алматы қызықсыз. Ал, Алматысы бар Досхан "Ақтаңдақты қара қыздың" құшағында. Мольер ажал құшты. Ким ки Дук дүниеден өтті. Соңында "Пустой дом" азалы күйін қоңырсытып отыр...

Мейір Оразғалиев

author

Досхан Жылқыбай

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...