БҚО-дағы өзеннің су деңгейі бір тәулікте 130 сантиметрге көтерілді

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

АЙМАҚТАР
211

Батыс Қазақстан облысында Деркөл өзенінде су деңгейінің күрт көтерілгені байқалады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталмыш өзенде су деңгейі кеше Бәйтерек ауданы Зеленый ауылы тұсында небәрі 2 см жоғарылап, 120 сантиметрге (қауіпті шегі – 450 см) жеткен еді. Бүгін таңғы 08.00-дегі мәлімет бойынша су деңгейі бірден 130 см көтеріліп, 250 сантиметрге жетті.  

Фото: Ғайсағали Сейтақ/Kazinform

Сондай-ақ Деркөлдегі су деңгейі Белес елді мекені тұсында 301 см (бір тәуліктегі өсім – 66 см, қауіпті шегі – 600-650 см), Тасқала ауданы Тасқала ауылында 399 сантиметрді (+111 см, қауіптісі – 520 см) көрсетті.

Сонымен қатар Тасқала ауданында 1 Шежін өзені 1-Шежін ауылы тұсында 446 см (+74 см, қауіпті шегі – 646 см), 2 Шежін өзені 2-Шежін елді мекенінде 715 сантиметрге (+140 см, 780 см) көтерілді. 

Облыстың басқа өзендерінде де су деңгейі біртіндеп өсіп жатыр. Орынбор облысындағы Иреклі қоймасынан Жайық өзеніне бұрынғыша секундына 201 текше метр су жіберіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жауған жауын-шашынның тасқынға әсері қандай екендігін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті. 

PESTEL

Кремль АҚШ-тың Украинамен 30 күндік бітімгершілігі еш нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан қорқынышты видео көріп, ақыл-есін жоғалтып алған, деп хаб...