Жеті жастағы қыз TikTok-тың әсерінен ақыл-есін жоғалтып, ата-анасын танымай қалды

Фото: epicstars.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1716

Жеті жастағы қазақстандық қыз TikTok-тан қорқынышты видео көріп, ақыл-есін жоғалтып алған, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

 

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Інімнің 7 жастағы қызы тик-токтан қорқынышты видео көріп, бірнеше күннен бері ақыл-есін жоғалтып алды. Тіпті әке-шешесін танымай жатыр. Көзі адамға түспейді. Молдаға апарып дем салдырып, оқытып жатырмыз. Ішіне үрей қатты кіріп кеткен дейді. Түнімен көз ілмей, шырылдап шошып шығады. Агрессиясы бар. Соңғы екі күнде сөйлемей қойды, деп жазды журналист. 

Оның сөзінше, жеті жасар қыз сап-сау болған. Бұған дейін асыр-салып ойнап, сөйлеп жүрген көрінеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...