Хостелде өрт шығып, 5 адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1719

Благовещенск қаласындағы заңсыз жұмыс істеген жеке хостелде өрт болып, 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Өрт шыққан ғимаратта дабыл жүйесі болмаған. Өрттің салдарынан 5 адам көз жұмып, 3 адам жарақат алған.

SHOT мәліметінше, өрт түнде Чайковский көшесіндегі ғимаратта басталған. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарының ақаулығы себеп болған. Тілсіз жаудан үш ер адам мен екі әйел түтінге тұншығып, қаза тапты.

Заңсыз жұмыс істеген «қонақ үйдің» иесі қамауға алынды. Тергеу барысында бұл ғимарат бұрын жергілікті сіріңке зауытының асханасы болғаны анықталды. Алайда оның арзан хостел ретінде пайдаланылып жүргенін бақылаушы органдар білмеген. Қазір полиция мен прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, қылмыстық іс қозғады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...