Қазақстандық футболшы «Бешикташтың» үздік ойыншысы атанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

СПОРТ
1800

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташ» клубы Түркия Суперлигасының 17-туры аясында «Аланьяспормен» кездесіп, тең ойнады, деп хабарлады madeniportal.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.

Flashscore.com статистикалық сайты бұл матчтағы әрбір ойыншының өнеріне баға берген. Оның ішінде Зайнутдинов те бар. Жерлесіміз «Бешикташ» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, 70-минутта оны өзге ойыншы алмастырды. Кездесу барысында қазақстандық Flashscore-ден 8,0 ұпай алған — бұл алаң иелерінің арасындағы ең жоғары, екі команда футболшыларының арасындағы екінші көрсеткіш.

Бұл маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында жеті матчқа қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Соның ішінде үш ойында Бақтиер кездесу соңында ғана алаңға шығып, тек бірнеше минут өнер көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...