Шағын СараптамаБірінші, ШУАР-да карантин шектеулері алынды, барыс-келіс қалпына келді, жол ашылды. Б...
20 жасында із-түзсіз кеткен әйел 62 жылдан кейін тірі табылды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
1962 жылдың шілдесінде жоғалып кеткен 20 жастағы әйел 62 жылдан кейін тірі табылды. Істі 2025 жылы қайта қолға алған тергеуші оның мекенжайын анықтаған. Сол үйге полиция қызметкері барғаннан кейін әйел тергеушіге өзі қоңырау шалған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Әйелді соңғы көрген адамның бірі отбасының бала күтушісі болған. Оның айтуынша, екеуі жолай көлік тоқтатып, кейін автобусқа мінген. Бала күтушісі әйелді соңғы рет аялдамадан ұзап бара жатқанда көрген. Содан кейін одан хабар болмаған. Полиция жылдар бойы бірнеше деректі тексергенімен, іздеу нәтиже бермеген. Істі қайта қараған тергеушінің назарына басқа өңірде тіркелген ескі полиция жазбасы іліккен. Ондағы мәліметтер іздеудегі әйелдің деректерімен сәйкес келген. Тергеуші оның туыстарымен сөйлесіп, әпкесінің шежіре сайтындағы жазбаларын да қараған. Халық санағы мен неке тіркеу құжаттарын салыстыра келе, ол туған күні сәйкес келетін әйелдің мекенжайын тапқан.