Түркияның Эскишехир қаласында оқ өтпейтін кеудеше мен бас киім киіп, кеудесіне нацистік белгі таққан...
Ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушы қайтыс болды
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
510
Петропавл-Камчатскийден Хабаровскіге бағыт алған “Аврора” әуе компаниясының ұшағында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Airbus A319 ұшағы әуеде болған кезде ер адамдардың бірінің жағдайы нашарлаған. Экипаж мүшелері оған алғашқы көмек көрсетіп, жәрдем беруге тырысқан.
Ұшақ Хабаровск әуежайына қонғаннан кейін бортқа медицина қызметкерлері келген. Алайда көрсетілген көмекке қарамастан, жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмаған.
Марқұмның жасы мен денсаулығына қатысты мәлімет жарияланбаған. Жағдайының неден нашарлағаны және өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз.