Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымыны...
Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президентін құттықтады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы Беларусь Республикасын ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімінен басталды деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.zakon.kz сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті отырысты аша отырып, бүгін Астанадағы саммитте ұйымды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданатынын атап өтті.
"Осыған байланысты Беларусь Республикасының Президентін құттықтағым келеді. Сіздің еліңіз қысқа мерзім ішінде ШЫҰ-ға толыққанды мүше болу жолында барлық қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына Беларусь Республикасын қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын", – деді Мемлекет басшысы.