Бауыржан ӘУКЕН: «Жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді»

Фотосурет ұсынылды

ШЫҰ саммиті 2024
543

 Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізіліп жатыр. Бұл саммиттің Қазақстанның дамуына және тұрақтылығын сақтауға, халықтың әл-ауқатын көтеруге алып келетін үлесі зор деп айтсақ болады.

Қазақстан төрағалық еткен уақытта елімізде маңызды мәселелер көтерілді. Осы ретте бүгін бірқатар жиырмаға жуық құжаттарға қол қойылды. Ол экология саласына, энергетикалық қауіпсіздікті сақтауға, серіктесті дамытуға және сауда-логистика әлеуетін өсіруге бағытталған құжаттар болып табылады. Өткізіліп жатқан саммит халықаралық аренада Қазақстанның мәртебесін көтеріп қана қоймай, жалпы экономикалық тұрғыда инвестиция тартуда, сонымен қатар тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтауда үлкен әсер етеді.

Шанхай ынтымақтастқ ұйымының алдында көптеген өзгерістер күтіп тұр. Себебі бүгін Астана декларациясы қабылданды және 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілген болатын. Менің ойымша, бұл іс-шаралар Қазақстанның және ұйымның тарихындағы жаңа дәуірді ашып отыр. Өйткені Шанхай ынтымақтастық ұйымы қоры туралы жарияланған болатын. Бұл нақты экономикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сәйкесінше ұйымның тиімділігін арттырады.

Бауыржан ӘУКЕН,

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты Азия зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...