Елордада 3-4 шілде күндері өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аяқталды, деп жазады madenipo...
ШЫҰ саммиті: сарапшы Дамир Белгібаев пікір білдірді
Фотосурет ұсынылды
Астана төрінде өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті Қазақстанның халықаралық аренадағы маңызды қадамы деп айтсақ болады. Өйткені қазір геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған заманда мұндай үлкен саммиттерді, елді біріктіретін, жаугершілікті тоқтататын іс-шаралардың қазақ жерінде өтуі, ел Президентінің үлкен ден қойып, Шанхай ынтымақтастық ұйымының әріқарай дамуына үлес қосуы ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын көрсетеді.
Астана саммиті Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа бір белеске өтуінің көрінісі, Астана декларациясы осы бір ұйымның жаңа парағы деп айтсақ болады.
Өзге елдермен ынтымақтастық, достық қарым-қатынасты сақтап қалу Қазақстан үшін өте маңызды. Өйткені Қазақстан өзі жас мемлекет болғанымен, әлемдегі тыңшылықты, бейбітшілікті қолдайтын мемлекеттердің бірі болып саналады. Оған жүргізіліп жақан дипломатиялық іс-әрекеттері дәлел десек, артық айтқанымыз емес. Токио мен Ресейдің арасындағы текетірестіке белгілі бір өзіндік бір делдалдық жасап, татуластыру үшін әрекет жасауы да Қазақстанымыздың бейбіт ел екендігін айғақтайды.
Әлем – жаһандық ауыл, әр ел бір-бірімн тығыз байланысты. Сондықтан белгілі бір қауіптердің немесе белгілі бір геосаяси ойынның құрбанына айналып кетпеу үшін осындай бір үлкен ұйымдарға мүше болу және сол ұйымдарға кіретін мемлекеттермен ынтымақтастық қарым-қатынаста болу біз үшін өте маңызды. Бұл ұйым осы уақытқа дейін тек саяси алаң ретінде жұмыс атқарып келді.
Бүгін Астана декларациясында жиырмадан астам үлкен маңызды құжаттарға қол қойылды. Ол құжаттар түрлі саланы қамтиды: экономика, экология, туризм, мәдениет , индустрия, ауылшаруашылығы. Транспорттық, білім, ғылым, мәдениет, гуманитарлық мәселелер де назардан тыс қалған жоқ, Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара сауда қарым-қатынасы, өзара достық қарым-қатынасы барлық салалардың дамуына жол ашады.
Қазақстан үшін халықаралық іс шаралардың маңызы жоғары екендігін де ескеру керек. Әлемдік держава басшыларының қазақ еліне келуі – саммиттің жоғары дәрежеде өтіп жатқанын дәлелдейді.
Дамир Белгібаев,
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ
әлеуметтанулық зерттеулер орталығының талдаушысы