Қытайда діні мұсылман, түбі түркі салар дейтін ұлт бар. Негізгі мекені – ҚХР Чиңхай провинцияс...
Құттыбек Жақыптың «Түрік қағанаты» триптихі бойынша
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Құттыбек Жақып – өткенді бүгінге жеткізуге, өзі үшін де, көрермен үшін де уақыт қойнауына кеткен маңызды дүниені жаңғыртуға ұмтылатын суреткер. Және оны парадоксальды түрде жасайды: ол өзі үшін маңызды мәнге ие тарихи және мифтік бейнені кенепке немесе қағазға емес, көркем өнердің қалпына келе бермейтін өзгеше материалда - мал терісіне түсіреді (бейнелейді). Осы орайда пергаментті пайдалану қисындырақ болар еді, өйткені оған бір кездері суреттелген мәтіндер жиі жазылған. Дегенмен, шектеуден шығуға талпынатынтарих пен шынайы өмірге қарағандакітап анық пішіндерге ие. Ал бұл сурет салуға болатын беткейлік бейіндердіңөміршеңдігі, ауқымы кеңейіп жатқан ғаламға ұқсас нәрсе ретінде қабылдауға барабар.
Еркін бейіндерге ие терілер, бір жағынан, тарихи перспективада көбіне өзгеруге тән болып келетін елдердің таңқаларлық географиялық шекараларына ұқсайды. Жүні ішіне қарағантерілер тонға айналды. Жүні жоғары қарағантерілер едендергетөселді. Құттыбек Жақып тұрмыстық мақсатта пайдаланылып келгентерінікөркем шығармаға айналдырды, ол сонымен бірге оның адамға көзбен және тактильді түрде жұмсақтық пен жылулық беру қасиеттерін де ұмыт қалдырған жоқ.
Оның «Түрік қағанаты» триптихі (2019) –уақытқа саяхат жасаушының қиялын пайдалана отырып 21 ғасыр адамы жасаған суретті шежіренің өзгеше бір түрі. Түркілердің тарихына, мәдениетіне, мифологиясына терең бойлау суреткерге сан қырлы кеңістік ашқаны сонша, көз бен санаға ашылған нәрсені бір композицияға сыйғызу мүмкін емес болып шықты. Содан кейін,белгілібірмағынада,«шексізді»бөліктергебөлугемүмкіндік беретін триптихпайда болды,ол өзалдына маңызды,оның үстіне жиынтық түрде алғанда,олардыңарасындапайда болған ассоциативтітізбек, айтыстағы сияқты, визавидің жауапреакциясыүшіншығармашылыққиялдыоятады.Көрермен автордың өзіндік бір түрі екені белгілі, суретшінің шығармаға ендірген оянған мағыналарының көлемі мен сапасы соған байланысты.
Суретші «Төрт түлік» жәнеолардыңәрқайсысыныңжылқы(ҚамбарАта),түйе(ОйсылҚара),сиыр(ЗеңгіБаба),қой(ШопанАта) жебеушісі туралы есінде түсінігі бар ауылданшыққанәрбір адамға танысүйжануарларынескесалатын тері бетіне әрқайсысына орын бере отырып, триптихтің әр бөлігінде көптеген белгілерді, таңбаларды, адам мен жануарлардың бейнелерін орналастырады. Бір қызығы: жебеушілер - ежелгі заманда өмір сүрген шынайы адамдар. Өз ісін жетік білген адам халық жадында аңыз-әңгімелермен жиі жаңғырады.
Триптихтің орталық бөлігі – «Табыну» – адам аспан мен жерді, табиғаттың барлық күштерінтұлғаландырғанжәне құдай ретінде табынған өткеннің суреті. Ортасында дұға бағышталып, құрбандық шалынатын күнбасты бейнені көруге болады. Ұшып бара жатқан құстар аспан құдайы - Тәңір туралы хабарлайды. Композициядағы жарық пен күңгірт түстер– «инь-янға» ұқсас әлем үлгісі жүзеге асырылатын текеметтер мен сырмақтардың ою-өрнектерінің жаңғырығы.Қызғылт сары - адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге өмір беретін күннің жылуы.
Триптихтің сол жақ бөлігінің ортасында – «Отбасы» – шеңбердің ішінде үш бейне (шаңырақ белгісі) отыр. Олардың астында - қасқырдың басы (мифтік арғы тек, түріктердің арғы анасы). Айналада салт аттылар, аңшылар, жауынгерлер, қобыз ұстаған бақсы, құстар. Отбасы шаңырақпен қорғалған және қарапайым/күрделі дүниемен қоршалған. Түстерді таңдау айдың жарығына, селеу шөптің түсіне, дала ауасының мөлдірлігіне, кештің тыныштығына- отбасының бірге болған кезіне орай шешім болуы мүмкін.
Әрбір бөлік - әрі анық, әрі күрделі шағын/үлкен әлем. Үш бөліктің астарлы мағыналарының жиынтығынан, меніңше, ата-баба өсиетін орындап, табиғатпен біте қайнасып, отбасыңды бағала, жеріңді қорғай біл деген нақты ой оянады. Суретші балалардың және жартастағы суреттердің стилін пайдаланған. Олардың аңғалдығы композициялық шешімдердің ойлылығымен ұштасып, балалық шаққа тән сезімнің шынайылығын және ересек адамның тарихқа деген интеллектуалдық байыптылығын және жасалған образдардың көркемдік-эстетикалық жағын бірдей жеткізеді. Жиектері тегіс емес теріде жасалған әрбір композицияның тікбұрышты жақтауы бар композицияға кіретіндігінайта кету керек. Бұл көрмеге қоюға өте ыңғайлы болғандықтан емес, сонымен қатар шығармашылықтың мақсаты өмірлік әсерлердің хаосын реттестіру, қолданыстан кетіп бара жатқанға құрылым беру, оны кеңістікке айналдыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы ел мәдениетін дамытуға ерекше үлес қосты деп танылған үздік шығармаларға берілетінін ескерсек, суретші Құттыбек Жақыптың «Түркі қағанаты» триптихі биылғы жылғы марапатқа лайық екені сөзсіз.
Баян Барманқұлова, өнертанушы, тәуелсіз зерттеуші