Белгілі актер CANNES FILM AWARDS фестивалінің «Үздік Азия актері» номинациясын жеңіп алд...
«Мадина» фильміндегі күйзеліс толқыны
Фото: кинодан кадр скриншот
Өмірдің сыйға тартқан қиыншылықтарымен күресудің ақиқаты Айжан Қасымбектің екінші толықметрлі «Мадина» фильмінде көрсетілген. Фильмнің алғашқы көрсетілімі 2023 жылы Tokyo халықаралық кинофестивалі аясында өтіп, ал басты рольді сомдаушы Мадина Акылбекова «Азиялық Оскар» (The Asian Film Awards) «үздік актриса» номинациясына ұсынылды. Отбасына қамқор болужауапкершілігін жалғыз арқалаған Мадина жұмыс пен үй арасында жүгіруге мәжбүр. Жанында әкесінің қамқоршылығынсыз өсіп жатқан қызы, көмекке мұқтаж әжесі мен жан жарасымен арпаласып жүрген інісі бар. Туындының баяндамасы осы негізде өрбей отырып, бәріне ортақ бола алатын тақырыптарды көтереді. Тұрмыстық сипат призмасының көмегімен жеке трагедия ашыла бастайды.
Шаңырақ астында тіршіліктің қалыпты түрде жүруі тоқтаған емес. Жеті шелпек пісіру, туған күнді тойлау мен серуенге шығу - күнделікті өмірдің бөлігі. Десек те, әрқайсысының да өздеріне тиесілі жазылмаған жаралары бар. Сондықтан да фильмнің колористикасы қыс мезгілімен теңдескен. Бейнеден сезілген салқындық – кейіпкерлердің айнасы. Олардың бастарына түскен жайттардың ауыртпашылығы визуалды тілмен жеткізілген. Бұрынғы жолдасының жауапкершіліктен бас тартқаны мен айналасындағылардың көзінде объективизациялануымен кезіккеннен Мадинаныңуайымсыз оянған күні жоқ. Ал Рауан болса, кішкентайында зорлық көргеннен айыққан емес. Екеуінің ішкі толқулары теңіз көрінісінде тұрған сахналарында айқын байқалады. Бұрышқа тірелгенфигуралар шарасыздықтан толқындардың дыбысынан тыныштықты іздегендей.
Соның өзінде Мадинаның кішкентай қызымен уақыт өткізген сәттері меланхолиялық кеңістікті өзгеріске ұшыратып, суық реңктер арасынан жылулық енгізеді. Сол үшін де, фильм сенім бере алатын күшке де ие. Қалай дегенмен, кейіпкерлердің ештеңеге қарамастан берілмейтін мәнері бар. Мысал ретінде Рауанның алдына қойған мақсатына жету жолын алсақ болады. Ол басынан кешірген зорлық санасында қандай із қалдырғанын түсініп, одан айырылу үшін әрекет ете бастайды. Әпкесінен: «Америкада сені ешкім күтіп отырған жоқ» - деген сөздерді естісе де, тағдырын өз қолына алуды жөн көреді.
Бұдан «Мадина» фильмі тек өткір әлеуметтік мәселелерді ортаға алып қана қоймай, өткеннен айығуды да сипаттайтынын түсіне аламыз. Оқиға көрермендерді тіл табыса білуді үйрену мен құпиялардың ашылуына біртіндеп жетелейді. Кімнің ойы қайда екенін, келесі нүктеге қалай жеткендігін саналы түрде ұғу мән-мағынаның толыққанды ашылуының арқасында қиынға соқпайды. Айта кетсек, аталмыш мансаптың орындалуында теңіздің кадрға алынғанының атқаратын рөлі маңызды:
Біріншіден, толқындар мен теңіз астындағы жануарлардың дыбыстары көңілді жайландыратындай әсер ете алады. Құлаққа жеткен табиғи дауыстар көрермендер үшін кеңістікті тереңдететін құрал болса, бейнедегі объектілер үшін бұл – маза бермейтін толғаныстардан тынығып, күш жинау әдісі. Әсіресе бассейнде түсірілген кадрлардағы дыбыстық қатардың көпдеңгейлілігі назарды өзіне аудартады. Мұның әсерінен ішкі және сыртқы қақтығыстармен арпаласу барысында қажетті тепе-теңдікқалыптасады.
Екіншіден, жалпы судың негізгі элемент болуын жан-жақты түрде қарастыра аламыз. Осы тұрғыда Мадинаның шындықты жайып салғаннан кейінгі су астында жүзген эпизодын еске алсақ. Діни тұрғыда судың сакральді мағынасы айтарлықтай деңгейге көтерілген. Христиан дінінен шоқындыру (крещение) рәсімі туралы айтып өтсек болады. Мәсіхті (Мессия) жанның тазалығымен қарсы алу үшін Жохан Шоқындырушыға (Иоанн Креститель) келгендер Иордан өзеніне түсетін. Кейіннен бұл рәсімнің мәнісі кеңейе түсті. Қасиетті судың көмегімен адам кінәларынан айырылып қана қоймай, қайта жанданған. Ал буддизмде су болмыстың өшпес ағыны мен даналықты білдіреді. Яғни, аталып өткен эпизод Мадинаның қайтатірілгенін білдіреді. Рауанның шындықпен бөлісіп,оқиғаның басынан келе жатқан үнсіздікті бұзуы олардың өмірлерінің таза парақтан басталуына катализатордай әсер етті. Бұл тек су астындағы сахнадан ғана білінбейді. Үнемі жинап жүрген шашын жайып, күлімсіреп інісін шетелге аттандыруы да өзгерістің сипатын ашатын элементтер. Соңында тіпті осыған байланысты бейнедегі көңіл-күй де позитивтілікке ауысқандай.Реніш пен түсініспеушіліктің орнын қуаныш пен сенім басты.
Осылайша, біз Мадинаның отбасымен бірге тағдырдың жазған сынақтарымен бетпе-бет жүздестік. Айжан Қасымбек туындыда кінәлілерді тауып, өш алуға негіз қоймаған. Бастысы - болған жайттың өзін қабылдап, сол жүкпен қалай өмір сүру керек екендігін түсіндіру. Қайтсек те, жақсылық бар жерде жамандық та болады. Осы негізде аталмыш фильм қарама-қайшылыққа толы дүниені әсірелеусіз жеңіліс пен жеңіс сабақтастығы арқылы бейнелейді. Сол үшін, адами болмысты сұраққа қоятын туынды тақырыптық пен визуалдылық ерекшеліктерінің көмегімен көрнектілігін жоғалтпас деуге келер.
Азиза Қуандық,
Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
«Кинотану» мамандығының 2 курс студенті