Олимпиада чемпионы Елдос Сметов елге оралды

KAZ.NUR.KZ

Спорт
295

XXXIIІ Олимпиада Ойындарына қатысқан дзюдодан Ұлттық құрама өкілдерінің алғашқы легі елге оралды. 

Оның ішінде Олимпиада чемпионы Елдос Сметов те бар. Спортшыларды Алматы әуежайында жақындары мен жанкүйерлер күтіп алды.

Оларды қарсы алуға ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері келді. 

Елдостың ата-анасы баласының жеңіске жететініне әуелден сенімді болғанын айтады. 

Олимпиада чемпионы үйден кеткенде қола бар, күмісті де алдым, енді алтын керек деген екен. 

“Кішкентайынан бауырларымен спорт залға өз аяқтарымен барған еді. Баламның алтын әкелетініне сенімді болдық. Тіпті сол үшін үйді жаңартып, жөндеулер де жасап қойдық. Маған ол “Әке, алтын алам” деп сенімді айтқан", – дейді чемпионның әкесі Бақтыбай Сметов.

Жаңалықтар

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында бірден 14 бұзау қы...

Жаңалықтар

Астана әкімдігі Қазақстандағы негізгі футбол стадионы "Астана Аренада" жөндеу жұмыстары қашан аяқтал...