Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана

КІТАПХАНА
6985

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы педагогикалық бейіндегі бірден-бір салалық кітапхана, отандық оқу және әдістеме әдебиетінің республикалық негізгі қоймасы, білім беру жүйесі кітапханаларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге жауап беретін, білім беру саласының барлық кітапханалары үшін ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-әдістемелік және үйлестіру орталығы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы Қазақ ССР Ағарту министрлігінің 1984 жылғы 24 ақпандағы № 17 «Қазақ ССР Ағарту министрлігінің  Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасын құру туралы» бұйрығына сәйкес құрылды.

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қарашадағы № 1754 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселелері» (5 тармақ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағына енетін, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме құру:  ...8)Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана)  қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 249 «Қазақстан Республикасы бiлiм жүйесi кiтапханаларының бiрiңғай үйлестiрушi, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық орталығы туралы» бұйрығымен қайтадан бекітілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасынің мақсаттары:

  • Отандық ғылым, білім жетістіктері, білім мен тәрбие ісіндегі озық тәжірибе туралы әдебиеттерді сондай-ақ оқу, әдістеме, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиетті насихаттау:
  • Республика ғылымы мен білім беру ісін мамандарға жан-жақты ақпарат-библиографиялық және кітапхана қызметін  көрсету жолымен дамытуға белсенді жәрдем беру;
  • Қазақстан Республикасы білім жүйесінің барлық кітапханаларына ғылыми-әдістемелік басшылық жасау;
  • Сала мамандарына ақпараттық қызметін көрсетуде ғылыми ақпарат органдармен өзара бірлесіп жұмыс істеу;
  • Білім қызметкерлеріне ақпарат-библиографиялық және кітапхана қызметін көрсету жұмысын оқу орындары кітапханаларымен және басқа жүйелер мен ведомстволар кітапханаларымен үйлестіру;
  • Республикада  кітапханатану және библиографиятану жөніндегі ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістеме жұмысына қатысу.

 

Жаңалықтар

Cиноптиктер ертең, 25 қарашада еліміздің он екі облысында ауа райына байланысты ескерту жасады, деп...

Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай неге үйленбей жүргенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме ж...