Отарлық әлемдегі азаматтық және мемлекеттік құрылыс Азаматтық – нақты анықтамасы жоқ ұғым...
Жағдайы ауыр: Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: видеодан скриншот
1763
Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Оқиға 15 шілде күні демалыс базаларының бірінде болған.
Маңғыстаулық құтқарушылардың хабарлауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі 1,5 метр болатын бассейнге құлаған.
Кезекші құтқарушы оның суға бата бастағанын байқап қалып, көмекке барған. Ол баланы судан алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.