Ақмола прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын аударуда бірқатар заң бұзуш...
Мектептегі медбикелер оқушы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакцина егуге үгіттей алмайды
Фото: ашық дереккөзден
Мектептердегі медбикелер жасөспірім қыздар арасында адам папиллома вирусына қарсы вакциналау жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады, бірақ оқушыларды үгіттей алмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер медбикелердің жасөспірім оқушылар арасында адам папиллома вирусына қарсы екпеден бас тартудың ауыр салдары туралы айтып, балаларды вакцинацияға үгіттеуі қаншалықты заңды екенін сұрады. Мектептегі үгіт-насихатқа оқушылардың ата-аналары шағымданған.
Бейсенованың айтуынша, балаларды үгіттеуге болмайды, бірақ егер олар сұрақ қойса, медбикелер түсіндіріп, жауап беруге тиіс.
«Медбикелер балаларды екпе салдыруға үгіттемеуі тиіс, әрине. Бірақ балалар сұрақ қойса, медициналық қызметкер оларға түсіндіруі керек. Қазір түсіндіру жұмыстары негізінен ата-аналармен жүргізіледі. Мүмкін, сыныптағы бір бала сұрақ қойып, медицина қызметкері осы сұраққа жауап берген шығар. Бұл үгіт-насихат емес, түсіндіру жұмысы саналады»,- дейді бас санитар дәрігер.
Айта кетері, қыркүйекте Қазақстандағы мектептерде адам папиллома вирусына қарсы вакциналау басталды. 11 жастан асқан оқушы қыздарға екпе ата-анасының келісімімен ғана егіледі.