«Баламның сабағы нашарлады»: Роза Әлқожа оқу жылына дайындығын сөз етті

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
716

Белгілі әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына мектепке дайындығы жайлы айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Әнші биылғы жылы балалары тағы мектеп ауыстыратынын сөз етті. Себебі былтырғы мектеп әншінің көңілінен шықпаған секілді.

"Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып ек, “арзанның сорпасы татымайды” боп қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой! Қой, деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң бағасы милон бірдеңе деп шығады екен ғой ия бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын!", - деді әнші Роза Әлқожа.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...