Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Фото: ozgeris.info

Білім
254

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының әлеуметтік желілерінде 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды.

Грант тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады.

Грант тағайындау конкурсына 104 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық.

Мемлекеттік гранттар республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. 

Бір грант орнына ең үлкен конкурс «Стоматология» мамандығында болды. Бұл мамандық бойынша 35 талапкер бір орынға таласты.

Ары қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (9 адам) болды.

Грантқа үміткерлер арасында балдар теңдігі жағдайында басым құқыққа ие болатын 22 мыңнан астам талапкер, олардың ішінде «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Сондай-ақ, грант үйлестіру барысында әлеуметтік осал санаттағы балалардың квоталары ескерілді.

Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру 25 тамызға дейін созылады. 

Грант тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранты бар.

Жаңалықтар

Танымал шоумен, актер Жахан Отарғалиевтің анасы ұлына кеңес беріп, тағдырына алаңдайтынын жеткізді....

Жаңалықтар

Күні кеше күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Испанияда өткен әлем біріншілігінде...