Елдос Сметов Астанада берілген үш бөлмелі пәтерді кімге береді?

Фото: ulysmedia.kz

Жаңалықтар
918

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов өзіне сыйлыққа берілген Астанадағы 3 бөлмелі пәтерді кімге беретінін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан Елдос Сметовтен пәтер жайлы сұрап, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Журналистің “Жаңа сыйлықтарыңыз бар ма?” деген сұрағына “Астанада үш бөлмелі пәтер берілді. Одан кейін әлі алған жоқпыз. Құдай қаласа болады” деді Олимпиада чемпионы. 

Сондай-ақ ол жаңа пәтерді әлі ешкімге сыйламағанын айтып өтті.

Еске сала кетсек, кеше Елдос Сметовке белгілі бизнесмен Жұмабек Жанықұлов тағы бір көлік сыйлаған болатын. 

Жаңалықтар

Спорттағы жеңіс пен жеңіліс қатар жүретінін ұмытпаған абзал екендігі айтылды Қазақстан Республикасы...

XX ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ

Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфул...