Елде «адам папиллома вирусына» қарсы екпе салу науқаны қайта басталады

Жаңалықтар
468

"Адам папиллома вирусы" жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын қоздырғыш. Жыл сайын елімізде бұл сырқаттан 600 әйел көз жұмады,-деп хабарлайды madeniportal.kz .

 

Бұл вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізіледі депкүтілуде.  Ата-аналарының рұқсатымен 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға екпе салады. Иммундау шарасына Денсаулық сақтау министрлігі америкалық 4 валентті «Гардасил» вакцинасын сатып алуды жоспарлап отыр.

Вакцина бізге жатыр мойыны обырының алдын алуға көмектеседі. Егер қыздар адам папиллома вирусына шалдықса, ол ешбір әдіспен емделмейді. Сондықтан осы екпе арқылы оның алдын алған маңызды. Ол тегін болады, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Зайтуна Хамидуллина.

Айта кетейік Оқушы қыздарды папиллома вирусына қарсы вакциналау алғаш рет бірнеше өңірде 2013 жылы басталған еді.

Адам папиллома вирусының 100-ден аса типі бар, соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, 16-шы және 18-ші тип – ең қауіпті, жатыр мойны обырына шалдығу ықтималдығы жоғары дейді мамандар.

Қоғам

Астанада қонақүйден өрт шықты, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz  сайтына сілте...

Ауа райы

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарында республикалық автожолдарда көлік қ...