Ресей Қазақстанға жылу электр станцияларын салуды биыл бастауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында...
Астаналық әйел TikTok-тағы видеосы үшін сотталып кетті
Ашық дереккөзден алынған
Астана тұрғынына TikTok желісінде жариялаған видеосы үшін айыппұл салынды, деп хабарлады madeniportal.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық соты интернетте жалған ақпарат таратып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған қала тұрғынына қатысты істі қарады.
Соттың мәліметінше, астаналық әйел өзінің TikTok желісіндегі парақшасында Астанада бір жолаушы жүргізуші әйелді бауыздап тастағаны туралы видео жариялаған. Бұған жауап ретінде полицейлер бұл дерек еш жерде тіркелмегенін және ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
"Сот отырысында ауйыпталушы А өзіне тағылған айыппен ішінара келісіп, келесі күні видеоны өшіргенін, бірақ басқа желі қолданушылары оны таратып үлгергенін айтты. Видеоны жариялаудағы мақсаты такси жүргізушілеріне кездейсоқ жолаушылардан аулақ болуға үндеу және болашақта болуы мүмкін қылмыстардың алдын алу екенін атап өтті", – делінген сот хабарламасында.
Әйелге 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.