Қазақстан Президенті Қ.К.ТОҚАЕВ мырзаның назарына!...Зәуде запыран дендеп, зар қысқан күңіренген күң...
Питон жыланы Қазақстаннан Өзбекстанға қалай өтіп кеткен?
Фото: Ташкент облысы кеден басқармасының баспасөз қызметі
Қазақстан шекарасынан өтіп, Өзбекстан шекарасындағы тексеру кезінде белгісіз азаматтың сөмкесінен Қызыл кітапқа енген альбинос жолбарыс питон жыланы табылған видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Қазақстаннан Өзбекстанға алып өтпек болған бұл бауырымен жорғалаушы оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азияны мекен ететін сирек кездесетін жылан екен.
Ташкент облысы кеден департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады:
"Гишт-Куприк" шекаралық кеден бекетінде Қазақстаннан кірген ер адамның сөмкесін бақылау-рентгендік жабдықтың көмегімен тексеру кезінде жылан табылды, бұл туралы ауызша хабарламада айтылған. Кедендік декларацияда бауырымен жорғалаушылар да көрсетілмеген".
Бұл жылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық рұқсат қажет екен. Бірақ тасымалдаушы азаматта ол жоқ болып шықты.
Альбинос түсті жылан Ташкенттегі хайуанаттар бағына тапсырылды. Ал ондағы мамандар оның жағдайын тұрақты деп бағалапты.
Ал бұл алып жыланның Қазақстанға қалай келгені, оны әлгі азаматтың Қазақстан шекарасынан қалай алып өткені түсініксіз күйде қалды.
Өйткені қазақстандық құзырлы органдар бұл оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.