Мәжіліс депутаты қатаң жазалауды ұсынды

Жаңалықтар
652

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл археологиялық ескерткіштерді сақтау мәселесін көтеріп, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

фотосурет parlam.kz алындыТарихи-мәдени мұраларымыздың жойылуының мысалдары аз емес және олар жыл сайын көбейіп келеді. Қазақстанда археологиялық жұмыстарды жүргізуге лицензиясы бар 60-қа жақын компаниялар жұмыс істейді. Сонымен қатар олардың көпшілігі табылған жәдігерлерді жылдар бойы мұражайларға тапсырмай, еңбектерінің нәтижесі бойынша ғылыми есептер жарияламайды, - дейді депутат.

Сонымен қатар «Ұлттық қауіпсіздік туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасын жоғалту - біздің ұлттық қауіпсіздігімізге төнетін негізгі қатерлердің бірі.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау сияқты болашағымыз үшін маңызды қызмет саласын кәсіпкерлік Кодекстің қолданылу аясынан шығару, археологиялық және реставрациялық қызмет субъектілерін лицензиялау тәсілдерін өзгерту, тарихи-мәдени сараптама рәсімінде тәртіп орнату уақыты келді, - деп айтты Еркін Әбіл.

Депутат мынадай ұсыныстар жолдады:

  1. Мәдениет министрлігі жанынан тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобын құру, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы нормаларды қайта қарау;
  2. Сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымдарға қойылатын талаптарды қатаңдатып және егер сапасыз сараптама салдары тарихи-мәдени ескерткіштің жойылуына әкелетін болса, қылмыстық жауапкершілікке дейін жауаптылықты белгілей отырып, тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын толығымен қайта қарау;
  3. Бұзақылық әрекеттер, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін бұзу, лицензиясыз жұмыстар жүргізгені, тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы заңнаманы бұзу, тарихи-мәдени мұра заттарының заңсыз айналымы фактілері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...