Бала кезімізде «бүйтіп» жіберу дегенді бұзақы балалардан үйреніп, үйге келгенде қайталап...
BAIQONYR FILM FESTIVAL: ҚОҒАМ КӨРІНІСІ
Автордан
Биыл Алматы қаласында өткен «BAIQONYR» Халықаралық фильм фестивалі тоғынышы рет ұйымдастырылды. Бұл жолы Ұлттық конкурсқақатысушы режиссерлердің фильмдері қоғамдағыболып жатқан өзекті мәселелер жайында жиі ой қозғады. Жас режиссерлер өз фильмдерінде қоғам мен әлеуметті алаңдатарлық тақырыптардыкөрсетті. Көрермен фестиваль барысында бірнеше проблематикалық фильмдерді көрді және қоғамда болып жатқан жайттар жастарды алаңдатпай қоймайтынын аңғарды. Төменде солардың бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтелік.
«Таңдау» (реж.: Гүлнұр Қалмұхамбетова)
Фестивальдің алғашқы күнінде тамашалаған«Таңдау» фильмі режиссердің өзінің басынан өткен оқиға желісінде түсірілген. Фильм мазмұны бойынша жасөспірім және кішкентай қыздың тағдыры баяндалады. Ауылда тастанды қалған жасөспірім қыз оқуын тәмамдап, қалаға өз анасымен тұруға келеді. Дегенмен де, анасының ол қызға деген қызығушылығы болмауының салдарынан, қыз басынан ауыр жайтты өткізуіне тура келеді. Яғни, анасының жігітінен зорлық көруі. Ал, көрші кішкентай қыздың анасы әкесінің тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Бұл кішкентай қыздың өміріне үлкенауыртпашылық алып келеді. Екі қыздың тағдырыекі түрлі шешілмек. Жасөспірім қыз өз таңдауынжасап анасының үйінен кетеді, ал кішкентай қызанасымен бірге үйден кеткенімен, анасы екеуініңшаңырақтарына қайта оралуды таңдайды. Ол өз күйеуінен кеткенімен, оларды қабылдайтын басқа орта жоқ. Сол себепті, жалғыз басты ана абьюз жолдасына кішкентай қызымен қайта келуіне мәжбүр. Режиссер өзің осы фильмі арқылықоғамдағы әйелдер мен ата-анасыз өскен бойжеткендердің қандай қиындықтардан өтіп жатқандығы туралы көрсеткен. Фильм кеңістігі –қарапайым пәтер. Сол пәтердің бір қабатының өзінде әр түрлі тағдырлар. Жасөспірім Сара және кішкентай көрші қыз аздаған уақыт бір-біріне демеу болады. Десе де, екі түрлі тағдыр болғасын, таңдау да екі түрлі болып қала бермек.
«Кеңістік» (реж.: Тұрар Тахир) «Кеңістік» фильмі – жетім балалардың тағдырын баяндайды. Фильмде анасыз қалған тастанды балалар белгісіз бір кеңістікте өз үйлерін жасап, сонда бірге тұрады. Фильм эстетика жағынан өте әдемі. Жарық әрі таза үйдің не есігі, не терезесі жоқ. Дәл осы бейнені көрген көрерменнің көкейінде көптеген сауал пайда болары анық. Үйінің есігі я терезесінің болмауы – олардың сыртқы әлемменбайланысының жоқтығы және кез келген жан кіре алмайтынын көрсетеді. Кішкентай пәк балалардың көңілі қандай таза, жылы болса, үйдің іші десоншалықты таза, жылы. Тіпті, көрермен экранның ар жағынан-ақ жылулықты сезіне алады. Ал үйдің сырты, яғни қоғам сондай лас, суық және қараңғы. Осындай режиссерлік шешіммен суреткер өз идеясын ашып көрсеткен. Тұрар Тахир өз туындысы арқылы қоғамды алаңдатып тұрған үлкен мәселенің бірі – қоқысқа тасталған блалардың ешқандай кінәсі жоқ екеніне үлкен үндеу тастайды. Фильм өнер додасында «Үздік фильм» жүлдесін жеңіп алды.
«Выборы» (реж.: Эрик Завизион)
Фестиваль бағдарламасында саяситақырыптағы фильмдер де бой көтерді. Мәселен,сайлау тақырыбын арқау еткен «Выборы» фильмі. Басты кейіпкер сайлауға бақылаушы ретіндежіберіледі. Алғашқы рет бақылаушы болған жігіттіондағы әділетсіздіктер қатты таңғалдырады. Сайлауда болған әділетсіздіктермен қатар,жемқорлықты ашық көрсеткен. Фильм 100% шынайы болмаса да, режиссер көп бөлігін өзкөзімен көргендігін нақтылай түсті. Сонын ішіндепара беру сахнасы. Режиссер фильмде оқиғаны параллельді түрде көрсеткен. Басты кейіпкер көлікте отырып, қалай өтетіндігі турасында тыңдап отырады, сәйкесінше дәлме-дәл сол оқиғалар бейнелі түрде болып жатады. Фильм интрига бойынша жүріп отырады. Көрермен оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін және қалай аяқталатынын болжай алмайды. Әрине, соңы әділеттілікпенаяқталса екен деген үміт болғаны анық. Бірақ, кез келген жағдай үнемі ойымыздағыдай бола бермесі хақ. Қазіргі таңда елімізде жемқорлыққа қарсы көптеген іс-шаралар жүргізіліп, қарсы қозғалыстар болып жатыр. Осы бір түйткілді тақырыпрежиссердің назарынан тыс қалмағаны қуантты.
"Әкімнің қызы» (реж.: Венера Қайыржанова)
Венера Қайыржанованың фильмнің басты идеясы – жемқорлық мәселесі жемқорлардың отбасына қалай әсер ететіндігін көрсету. Туынды оқиғасы әкімнің адал қызы мен әкесінің заңсыз әрекеті туралы баяндайды. Әкесі жемқорлықпенайналысуының салдарынан қызының жұмысынаүлкен келеңсіздік әкеледі. Қыз әкесін немесеәділдікті таңдау барысында қатты қиналады. Аталмыш фильм де жемқорлыққа қарсы үндеуболып табылады. Туындыда басты кейіпкердің түпсанасындағы қорқыныш пен болып жатқан жағдайларға өз-өзін кінәлау бейнесіне ерекше мән берген. Режиссер түс арқылы басты кейіпкердің жан дүниесінен сыр шертеді.
«Иванбек» (реж.: Дарын Дәулетхан)
«Иванбек» деректі фильмі – шет елдік блогерИван Червинскийдің Қазақстанға келуі және қазақ тілі мен салт-дәстүрін танып жүргені туралы суреттейді. Фильмде Иван есімді азамат қазақ елінің қонақжайлығын көріп, дәстүріне қызығып, елімізге байланысты блог жүргізе бастағанын айтады. Блог барысында Иван қазақ тілін үйрене бастағанын да көрсетеді. Деректі фильмнің мақсаты – қазақ тілін және дәстүрін дәріптеп, көрсетіп жүрген азаматты тұрғындар арасында кеңінен таныстыру ғана емес, өз елінің тұрғындарына қазақ тілін дәріптеу болатын. Режиссер Дарын Дәулетхан Иванның ұлты басқа болғанына қарамастан, өзге елдің дәстүрі мен тілін сыйлайтынын, ал кейбір отандастарымыз ана тілімізді, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды місе тұтпайтындығын ашық көрсете білген.
Жалпы, осы фильмдердің түсірілуі және фестиваль экранында көрсетілуі қоғамда болып жатқан оқиғаларды бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар көрермен көңілінде үлкен ой қозғайды. Жас режиссерлеріміздің дебюттік жұмыстарының тақырыптық, жанрлық, идеялық тұрғыдан ауқымды, мәнді екені қуантады. «BAIQONYR» Халықаралық фильм фестивалі жыл сайын киносүйер көрермен үшін және жаңа буын режиссерлері үшін ерекше мүмкіндіктер мен ұмытылмас уақыттар сыйлайды. Фестиваль ғұмырының ұзақ болуына тілекшіміз.
Таңнұр ҚҰРАҚБЕК,
Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
«Кинотану» мамандығының 4 курс студенті