Ақмола облысында ер адам жуынатын бөлмедегі ваннаға батып кете жаздаған

Фото: Vadim Zakharishchev/ Shutterstock

Оқиға
193

1 қазанда Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Полицияға жергілікті тұрғыннан хабарлама келген.

«Оның ағасы 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпаған. Әпкесі жалғыз тұратын ақмолалықтың денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Ара Бек және Демежан Сәрсенбаев дереу көрсетілген мекен-жайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді. Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кіруге шешім қабылдады. Топ ішке кіргенде, олар жуынатын бөлмеде мұзды су төгіліп жатқан ваннада адамды көрді. Ол құлап, кранды жұлып алып, өздігінен шыға алмағаны белгілі болды. Полиция мен құтқарушылардың уақтылы араласуының арқасында қайғылы жағдайдың болған жоқ», - делінген Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...