Алматыда «Лесбиан құрылтайда» шу шықты

Сурет: Феминита

Жаңалықтар
220

Алматыда «Феминита» қоғамдық ұйымы өткізіп жатқан «Лесбиан құрылтайда» жанжал болды, деп хабарлады madeniportal.kz Ұлысмедиаға сілтеме жасап.

«Феминита» феминистік ұйымы Алматыда «Лесбиан құрылтай» деген атпен жиын өткізіп жатқанда қоғамдық белсенді, Қазақстан ата-аналар одағының мүшесі Бағила Балтабаева жақтастарымен келіп іс-шараны тоқтатпақ болған. Осыған байланысты ұйым өкілдері полиция шақырған. Ұйым өкілдері полицияға экология тақырыбында дәріс өткізіп жатқанын жеткіздік десе, Бағила Балтабаева оларды ЛГБТ-ны насихаттады деп айыптаған. Бағила Балтабаева жиын қатысушылары плакатқа арандату сөздерін жазып қойғанын айтады. Ол плакатқа  «Шымкент – транс столица», «Кіші жүз – транс жүз», «Сносите всем шаңырақ» деген сөздер жазылғанын айтады. Ақырында полиция Балтабаеваны да, полицияны шақырушы белсенділерді де түсініктеме жазу үшін алып кетіп, кейін босатқан. Ұйым мүшелері Бағила Балтабаеваның үстінен арыз түсірген. Олар ешқандай заң бұзбадық, керісінше Балтабаева аяқ астынан сау етіп келіп, «құрылтайымыздың» шырқын бұзды дейді.

«Феминита» ұйымы бұған дейін Алматыда 7-10 қазан күндері «Лесбиан құрылтай» өткізетінін, алайда жалдаған жерлері әкімдіктің қысымынан кейін оларға бас тартып жатқанын мәлімдеген.

Ұйымның басы қасында жүрген белсенділер Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержанның сөзінше, оларға 4 қонақ үй мен 1 коворкинг-орталық орын беруден бас тартқан. Олар мұны әкімдікпен байланыстырып, өздерін әкімдіктің «қара тізіміндеміз» деп санайды.

Ұйымның алдын ала таратқан ақпаратында «Лесбиан құрылтайға» лесбиан, бисексуал, куир және транс әйелдер қатысатыны айтылған.

Жиында экология, капитализм тәуекелдерін талдау, АЭС салуға бірлесе тосқауыл қою мәселесі талқыланады делінген.

«Сондай-ақ Феминита ұйымының 10 жылдығын атап өтіп, экология манифестін жазып, феминистік партия құруды жоспарлаймыз» деген.

«Феминита» өзін қоғамнан шетқақпай көретін әйелдердің құқықтық, әлеуметтік жағдайларына байланысты құқығын қорғаумен айналысатын ұйым ретінде сипаттайды.

Журналист Ораз Әлімбеков бұған дейін лгбтшылар Құрылтай сөзін қолдану арқылы қазақ халқының мәдениеті мен тарихына түкіріп отыр, олардың мақсаты алауыздық тудыру деген ойын жеткізген.

«Ата-бабаларымыз үшін Құрылтай ұлттың тағдырына қатысты шешім қабылданатын, елдің болашағы үшін жауапты істер талқыланатын, рухани және мемлекеттік маңызды шара болған. Мұндай жиындарда ұлттың бірлігі, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы сөз етілген. Ал мынау лгбтшылар елдің қамы, елдің бірлігі үшін тірлік етіп жатқан жоқ. Қайта қазақ қоғамында алауыздық тудыруды көздейді. Сондықтан, дәл осы Құрылтай сөзін кез келген мақсаттағы іс-шараларға қолдану – қазақ халқының ұлттық рухын, мәдени құндылықтарын аяқасты ету», - деді журналист facebook парақшасында.

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...