Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан...
Иегінің астындағы артық майдан арылғысы келген мәслихат депутаты көз жұмды
Фото: Stan.kz
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы “Қасиет” медициналық клиникасында ментопластика жасатқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Операция кезінде оның қан қысымы мен қант мөлшері көтеріліп, инсульт алған. Салдарынан 1 ай комада жатып, сол күйі оянбады.
Марқұмның жары клиника талапқа сай жұмыс істемеген дейді. Айтуынша, талдау анализдері толық болмаған, қанындағы қант мөлшері нормадан жоғары болған. Оған қоса анестезиолог интубация әдісін дұрыс жасамаған. Яғни тыныс алу аппаратына қосу үшін арнайы түтікті сала алмаған. Соның кесірінен 49 жастағы ер адамның қан қысымы 225, ал қант мөлшері 25-ке дейін көтеріліп кеткенін айтады.
4 сағат бойы алғашқы көмек көрсетілмеген, наркоздан шығаратын дәріні салмаған, оттегі аппаратына қоспаған, ешқандай шара қолданбапты", - деді марқұмның әйелі.
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіклиникада жедел көмек көрсету талапқа сай келмейтінін анықтады. Оған қоса, анестезиология және реаниматология бөлімі бойынша лицензияға қосымшасы жоқ екен.