"Кеше ғана жаз сияқты еді": Қазақстанның шығысында қар жауды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1461

Қазақстанның шығысындағы тауларда қар жауды. Әлеуметтік желілерде 31 тамызда жауған қардың видеолары тарады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жергілікті пабликтердің жазуынша, кеше Риддер тауларында алғашқы қар жауған.

"Кеше Риддердің таулы аймақтарында қар жауды. Қаланың өзінде қар жоқ", "Бірден күн суытып кетті ғой", "Кеше ғана жаз сияқты еді", - деп жазуда желі қолданушылары.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, қазір еліміздегі ауа райына Жаңа Жер аймағынан келген суық ауа массаларымен толыққан антициклон әсер етуде. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...