Жанып тұрған қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
1072

Оқиға 13 қазанда Семейде болған, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласында полиция қызметкерлері мен өртсөндірушілердің жүргені бейнеленген видео жарияланды. Кейінірек жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны белгілі болды. Жедел жәрдем келіп, сәби ауруханаға жіберілген еді. Мамандар оның денесінің 70 пайызын күйік шалғанын айтқан болатын. Бірақ нәресте ауруханада көз жұмды.

"Полиция күдіктіні және істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Абай облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...