Аягөзде 16 қазан жылумен жабдықтау желісінде апат болып, тұрғындар жылусыз қалды

Фото: malim.kz

Жаңалықтар
200

Абай облысынағы Аягөз ауданында 16 қазан күні жылумен жабдықтау желісінде апат болып, жылу өшіп қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Апат салдарынан Д159 ысырмасы істен шыққан. Алайда қазандықтар жұмысын тоқтатқан жоқ.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ақау сағат 16.00-де толықтай жойылған.

Қазір жылу желілерінің температуралық параметрлері жинақталып жатыр. Жалпы, ауданда жылу желілерін тарту жұмыстары толығымен аяқталып, жылу магистральдық траншеясы толтыру жұмыстары жүргізілуде. Барлық нысан толық көлемде жылумен қамтамасыз етілген, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Аягөз ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар 5 қазанда орталықтандырылған жылумен жабдықталды. Тұрғын үйлер жылуға 15 қазанда қосылды. 

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...