Бірлескен қазақ-корей ғылыми зерттеулері жаңа деңгейде

Жаңалықтар
1705

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Бірлескен қазақ-корей ғылыми зерттеулері: кітаптардың тұсаукесері және меморандумға қол қою рәсімі» тақырыбында іс-шара өтті.

Корей түбегі мен Қазақстан арасындағы ежелгі мәдени байланыстарды зерттеу мақсатында 2015–2018 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты мен Корея Республикасының Ұлттық мәдени мұра ғылыми-зерттеу институты Алматы облысының Райымбек ауданы Шәлкөде жайлауында орналасқан Қатартөбе қорымында бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізді.

Іс-шарада қазақ-корей бірлескен далалық және лабораториялық-талдамалық зерттеу нәтижелері таныстырылды.

Корей және орыс тілдерінде жарық көрген «카자흐스탄제티수지역의고분문화 (Ancient tombs in Zhetisu Kazakhstan) және А. Онгарулы, Пен Енхван, Нам Санвон, А. Каирмагамбетов, Ким Енхен, А. Нускабай «Катартобе. Некрополь сакской элиты Жетысу» атты кітаптардың тұсаукесері өтті. Басылымға Жетісу сақтарының қоғамы, антропологиясы, мәдениеті, әлеуметтік дәрежесі, экономикасы, шаруашылығы, архитектурасы мен жерлеу ғұрпы, дүниетанымы, қыш көзешілігі және т.б. жайлы алынған жаңа деректер енді. Мәліметтер обаны георадарлық зерттеу, палеозоология, палеоантропология, ескерткішті тұрғызған радиокөміртекті мерзімдерін анықтау және т.б. кешенді пәнаралық зерттеулер нәтижесінде алынды.

Іс-шаранының аясында уақытша көрме ұйымдастырылып, оған зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған б.з.д. V ғасырларда Жетісуді мекен еткен сақтарға тән мыңға жуық жәдігерлер ұсынылды. Жәдігерлер арасында алтын сырғалар, киімнің алтын әшекей бұйымдары, қола айналар, темір пышақтар, сүйек жебелер, шыныдан және гагаттан жасалған моншақтар, қыш ыдыстар бар. Сондай-ақ Жетісу сақ элитасы өкілінің қайта жаңғыртылған бет-бейнесі де қойылған. Жәдігерлер Ұлттық музей қорына тапсырылды.

Аталған іс-шара аясында Ұлттық музей мен Ұлттық мәдени мұраны зерттеу институты арасында археология саласындағы бірлескен ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Алдағы жылдардағы ғылыми ынтымақтастық Қазақ даласынан Корей түбегіне дейінгі ежелгі салт аттылар мәдениетінің дамуы мен таралуын бірлесе зерттеуге бағытталды.

Іс-шарада сөз алған ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Корея Республикасы біздің еліміздің Шығыс Азиядағы стратегиялық әріптесі болып табылатынын атап өткім келеді. Екі елдер арасындағы мәдени ынтымақтастықтың негізі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Корея Республикасына алғашқы сапары аясында 1995 жылғы 16 мамырда Сеулде өткен үкіметаралық келісімге қол қою арқылы қаланды. Бүгінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында ерекше мәдени байланыстар қалыптасуда» - деп, барлық қатысушыларға алғысын жеткізді, сондай-ақ Қазақстан мен Корея Республикасының арасындағы екі жақты әріптестік ынтымақтастықтың әлеуетін одан әрі арттыруға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ аталмыш шараға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чой Дэхун, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің К.А. Ақышев атындағы археология институтының директоры, т.ғ.к., профессор М.Қ. Хабдулина, ҚР Ұлттық академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Ж.Қ.Таймағамбетов және археология саласындағы көрнекті ғалымдар, сондай-ақ ЖОО мен музей саласының мамандары қатысты.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...