Қазақстан астанасының атауы Нұрсұлтан деп өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін...
Бүгін – Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
Фото: akmomuzey
Бүгін Рейхстагқа 1945 жылғы 30 сәуірде бірінші болып Жеңіс туын тіккен қазақ офицері, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол қазіргі Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген.
Лейтенант Р. Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Г. Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тікті.
Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқарушы комитетінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармасының инспекторы. 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры қызметін атқарған. Қызыл Ту, І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталған.