Асхат Нұрмашев “Асаруме” қорының еріктісі айтқан пікірге байланысты мәлімдеме жасады

Фото: nomad.today

Жаңалықтар
329

Асхат Нұрмашев Салтанат Нүкенованың ағасынан кешірім сұрап, дау тудырған пікірге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

“Қуандық Бишімбаевты Салтанат Нүкенованың өзі өлімге итермелеген” деген пікір айтқан азамат “Асаруме” қорының мүшесі емес, еріктілерінің бірі екен.

Бұл туралы Асхат Нұрмашев инстаграм желісінде арнайы видео жариялады. Ол, бұл пікірдің “Асаруме”қорына да, Асхат Нұрмашевтың өзіне де ешқандай қатысы жоқ екенін, дау туғызған ойдың иесі қордың мүшесі емес, бос уақытында көмектесетін ерікті екенін айтқан. Сондай-ақ, Асхат Нұрмашев мұндай пікірмен мүлдем келіспейтіндерін, осы оқиғаға қор мен өзін кінәлау әділетсіздік екенін де айтып өткен. 

Спорт

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамас...

Қылмыс

Алматы облысының Қонаев қаласы сотының төрағасына үкім шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz. &la...