Бишімбаев ешқайда кетпепті, сот отырысына онлайн қатысты

Фото: ulysmedia

Жаңалықтар
284

Осыдан бірер күн түрмеден қашып кетті деп ақпарат тараған экс-министр Қуандық Бишімбаев бүгін сот отырысына қатысты, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Бишімбаев өзін ата-ана құқығынан айыру туралы сот отырысына онлайн қатысты.

Осыған дейін, Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бір ай бұрын экс-күйеуін ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа шағымданған. Алайда оның арызы қанағаттандырылмаған еді. Сонымен қатар ол балаларының тегін ауыстыруға рұқсат беруді сұраған. Сот бұдан да бас тартқан. Назым Қаһарман апелляцияға өтініш беріп, бүгін сол іс сотта қаралды.

Сөйте тұра шешім өзгеріссіз қалдырылды. Бишімбаев өз балаларының әкесі болып қалды. 

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...