Шымкентте туыстарының балаларын зорлады деген айыппен ер адам күдікке ілінді

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
91

Шымкентте кәмелетке толмаған екі балаға қатысты зорлық жасаған ер адамның үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Зардап шеккен екі бала да оның туыстарының ұлдары екені белгілі болды.

Жәбірленушілердің бірінің анасының айтуынша, оқиға 2021 жылы перзентханада жатқан кезде болған. Әйел адам тоғыз жастағы ұлын туыстарына қарауға қалдырған. Осы жағдайды пайдаланған ер адам үш күн бойы балаға қатысты зорлық әрекеттерін жасаған. Кейін белгілі болғандай, сол кезеңде ол тағы бір әпкесінің ұлына бес күн бойы осындай әрекеттер жасаған.

Отбасылар құқық қорғау органдарына ресми түрде арызданған. Шымкент қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растап, тергеу барысына қатысты түсініктеме берді.

«Қала тұрғынының кәмелетке толмаған ұлына қатысты зорлық әрекеттері туралы арызы негізінде қылмыстық іс тіркелді. Өтінішке сәйкес, оқиға 2021 жылы болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті барлық тергеу және процессуалдық әрекет жүргізілуде.

Тергеу барысында куәлар мен іске қатысы бар басқа да тұлғалардан жауап алынып, қолда бар материалдар зерттелді.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады құқық қорғау органдары. 

ӘДЕБИЕТ

(Ақын бауырым ТАЛАПБЕК ТАБЫСБЕКҰЛЫ туралы ой толғау)   Талапб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте студент қызды өлтірді деп күдіктелген адам жауапкершіліктен қашпайды. Бұл туралы ІІМ бірін...