Әйел адам зардап шекті: Павлодарда кран машинисі 15 метр биіктен құлап кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
800

Павлодар қаласында кәсіпорындардың бірінде кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Зардап шеккен әйел бірнеше жерінен жарақат алған: аяқтары, жамбасы, қабырғалары сынған, сондай-ақ бас миы шайқалған.

Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Әйел есін біледі және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер уақытша бекіту аппаратын орнату бойынша операция жасаған.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...