Оралда «Абай мұрасы – халық мұрасы» атты акция өтіп жатыр

Жаңалықтар
731

Оралда Абай Құнанбаевтың туғанына 173 жыл толуына орай «Абай мұрасы – халық мұрасы» атты танымдық акция өтіп жатыр. 

Сайыс түрінде ұйымдастырылған шараның мақсаты – ұлы ойшылдың ақындық мұрасын өскелең ұрпаққа мәнерлеп оқу арқылы жеткізу. Поэзияны сүюге, бағалай білуге шақыру. «Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына. Қанша заман алмасса да, бұл қазына рухани өміріміздің айнымас темірқазығы бола бермек», – дейді шараға қатысқан белгілі ақын-жазушылар. Шара барысында ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жас буын өкілдері Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқып, әндерін шырқады. 

«Жас Отан» жастар қанаты және кітапхана ұжымдарының көмегімен «Абай – мәдениет пен әдебиеттің асқар шыңы» ашық кітап көрмесі және тақырыптық инсталляция жасақталды. Бір ерекшелігі, ақын мұрасын танып-білуге құмар жас өрендер өнерін әдеттегідей қазылар емес, сайыскерлердің өздері анықтады. Өзара дауыс берудің нәтижесінде Төлеген Асылжан мен Нарғыз Отарбаева қара сөз сайысының жеңімпаздары атанды. Ал Абай әндерін әуелеткен Алина Ивлева «Үздік орындаушы» аталымында топ жарды.   

Ианабат Рахат, сайысқа қатысушы:

 - Мен Абай Құнанбайұлының 50 өлеңін, 4 қара сөзін жатқан білемін. Қалалық жарыстарға қатысқанмын. Абай атамыздың ерекшелігі, ол өте данышпан болған. Қазақтың көзін ашуға ұмтылған. Соның арқасында біз қазір дамыған елдердің қатарына еніп жатырмыз. 

Нұрғали Жолдасқалиев, «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы:

 - Қазіргі таңда әлеуметтік желіде желдей ескен бір қауесеттер, жалған кінә таққан азаматтардың сөздеріне біз қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Бірақ қазір әлеуметтік желіде де ол жұмыс қарқынды жүргізілуде. Біздің белсенді жастарымыз «Абайды таны» хэштегімен Абайға арнап жазған немесе Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, әлеуметтік желілерге салып жатыр.

 

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...