ӘЛЕМ АҚЫНДАРЫ АСТАНАНЫ ЖЫРЛАМАҚ

ӘДЕБИЕТ
1756

Елорданың 20 жылдығына орай 30 тамызда Астанада «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кеші өтеді.  

Аталмыш шығармашылық кешке Финляндиялық ақын, эссеші, славян, орыс әдебиетінің аудармашысы Юкка Маллинен, ақын, жетпіс кітаптың авторы, Шанхай университетінің профессоры Оуянг Ю, Француз жазушысы, публицист және аудармашы, прозашы Тьерри Мариньяк, ақын, баспагер, суретші Малгожата Махлевская, ақын, баспагер Гагик Давтян, ақын Любовь Красавина, ақын, прозашы, сыншы, «Литературный газеты» атты газеттің Бас редакторы Максим Замшев, ақын Сергей Мнацаканян, ақын, аудармашы Михаил Синельников шақырылған. Поэзия кешіне қатысудың негізгі шарты – Астана туралы, Қазақстан немесе Елбасы туралы қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне аударылған, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми тілдерінде өлең жолдарын жолдауларына болады.

 Халықаралық поэтикалық кештің негізгі мақсаттары – Қазақстан халқының бірлігін сақтау және біздің еліміздің мәдени ерекшеліктерінің әртүрлілігін дамыту, Қазақстан халқының достығы, бірлігі мен патриотизмін нығайту, Қазақстанның мақтанышы, бейбітшілік пен төзімділік символы, еуразиялық мәдениет орталығы –  «Әлемнің қаласы- Астананы» жырлау. Іс-шара барысында шығармашылық кеш ұйымдастырылады, сонымен қатар «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Әлем ақындары Қазақстанды жырлайды» атты шығармалар жинағы жарыққа шығады. Аталмыш шара барысында жарияланған жұмыстар оқырманға қаланың шығу және даму тарихы, оның ерекше мәдени құндылықтарымен таныстырады. Сондай-ақ осындай поэзия кешін ұйымдастыру елорданың жиырмасыншы туған күні қарсаңында керемет мереке мен жағымды әсерлерді ұсынады. Жоспарланған іс-шара барысында шетелдік және отандық ақындар ресми қабылдауларға, ашылу рәсіміне және тұсаукесер рәсіміне қатысады деп күтілуде.

 Бауыржан Қарағызұлы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Астанадағы филиалының директоры, көптеген халықаралық, республикалық әдеби конкурстардың жеңімпазы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Ақ ордалы Астана» халықаралық поэзия кешінің берері мол ерекше іс шара болғалы тұр. Осы күнге дейін біздің қаламгерлер шет елдерге барып олардың астаналарын жырға қосса, енді міне, Тәуелсіздіктің арқасында біздің астанаға шет ел ақындары жыр арнамақ. Бұл қазақ елінің жеткен жетістігі, мәртебесінің өскені. Әрине, мұндай іс-шара біз үшін өте қажет. Ақын-жазушылар да еркін тәжірибе алмасып, шет ел ақын жазушыларымен тең тұрып сөйлеп, кең тұрып көсіліп жұмыс істейтіндей дәрежеге жеткізетін осы бір Халықаралық поэзия кешін ерекше күтіп жүрген жайымыз бар. Шет елге береріміз де, шет елден аларымыз да көп. Барлығы сәтімен болсын! 

Ерлан Жүніс, ақын, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚЖО Алматы облыстық филиалының директоры: Қазақ даласы қай ғасырда да әлем тарихшылары, мәдениеттанушылар, ақындар мен ғалымдар үшін таңғажайып кеңістік – алтын сандық іспетті болған. Көне қалаларымыз – Тараз бен Сүяб, Фараб пен Ясы жөнінде қалам тартпаған, жырына өзек, жазбасына арқау қылмаған шайырлар мен хакімдер некен-саяқ. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңа Қазақстан әлем ғалымдарының, дін басыларының, саясаттанушылардың пікірлесу алаңына айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана – Әлем ақындары көзімен» атты ауқымды іс-шарасы әлем қаламгерлері мен ел қаламгерлері арасында алтын көпір болатындығымен қуантады. Астананы жырлау – Қазақ елінің өткені мен бүгінін, жарқын келешегін, оның асқақ армандары мен асыл мұраттарын жырлау. Осы тұрғыдан келгенде бұл іс-шара мәдени оқиға болғалы тұр деп санаймын.  

madeniportal.kz

author

Бауыржан Қарағызұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...