Қазақстандағы жүзі суық танымал адамдар

ТЕАТР
5800

Кейде бұл танымал адамдарды көріп үнемі көңіл-күйі болмай ма деген ойға қаламыз. Өйткені олар барған жерінде емін-еркін әңгіме құрып, өзге әріптестері секілді көп күлімсірей бермейді. Көңіліне жақпаған адамдарға да сын айтып әуре болмайды.

Бұл танымал адамдардың қалыптастырмақ болып жүрген образы ма, әлде туа біткен мінезі ме?

image

Роза Рымбаева 

Сахнада 40 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан әнші Роза Рымбаеваның таланты, расымен де, халықтық. Ол фонограммадан бас тартып, халықпен бірге күй кешті. Тыңдарман тарапынан өзінің шығармашылығына деген құрметке ие болды. Десе де, халық танымал әнші жүзінің суық екенін айтады. Сахнаға шыққанда әрдайым күлімсірейтін Роза Рымбаева көңіліне жақпаған адамға ала көзімен бір қарап қойып, әрі қарай үнсіз қалуды жөн көреді екен.

2 

Қарақат Әбілдина

Тыңдармандардың кейбірі әнші Қарақат Әбілдинаның жүзі суық екенін айтады. “Қыз балаға етек-жеңін жиып жүрген жарасады” дейтін әнші халықтың бұл сөзін жоққа шығармайды. Тіпті студент шағында жігіт қауымы көзқарасының ерекше екенін айтып, қарамауын өтінген екен. Әнші өзінің соңынан сөз ермеуін осы байсалды мінезімен байланыстырады.

3

Айнұр Ниязова 

Қазақстандық актриса Айнұр Ниязованың шынайы өмірде жүзі суық деп айту қиын. Десе де актриса халықтың алдына шыққанда немесе камера алдында тұрғанда көп күле бермеуді жөн көреді. Тіпті, фотосессияларда жүзін суық етіп көрсетеді. Бұл қалыптастырмақ болып жүрген образы болса керек.

4

Мақсат Базарбаев 

Тұңғыштарын тоғыз жыл күтіп, отбасымен пәтерден-пәтерге көшіп жүруге мәжбүр болған әнші Мақсат Базарбаевты кей тыңдарман шатақмінезді десе, енді бірі байсалды екенін айтады. Бір кездері “МұзАрт” тобынан мінезінің арқасында шығып кетті деген қауесет сөз де тараған болатын. Десе де әнші мерекелік кештерде, журналист қауымына сұхбат бергенде өзін артық қылыққа жол бермей, барынша байсалды ұстауға тырысады.

image

Айнұр Тұрысбек 

Қазақстандық шоу-бизнесте жүзін суық етіп көрсетуге тырысатын тағы бір танымал сәнгер – Айнұр Тұрысбек. Сәнгер құқық қорғау органдарында жұмыс істегенімен қатар, киім тігуде де суық түстерді таңдауға тырысады. Айналасындағылар сирек күлетіндігін үнемі қалың ойдың жетегінде жүретіндігімен байланыстырады.

2 

Тұңғышбай Жаманқұлов

Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры Тұңғышбай Жаманқұловты Қазақстанның еңбек сіңірген артисі деген атаққа Құдайберген Сұлтанбаев екеуін бөліп-жармайық деп бірге ұсынған екен. Қос артист дуэт құрып, алғашқысы барынша байсалды болуға тырысса, екіншісі керісінше күлкілі әзілдерді айтуға көбірек бейімделеді екен. Тұңғышбай Жаманқұловты халық ертеректен осы мінезімен таниды. Әдетте режиссерлер де актерді қатал мінезді тұлғаны сомдауға шақырады.

 

1 

Ғалымжан Молданазар

Ғалымжан Молданазардың шығармашылығымен қауышқан халық оның жеке дара екенін айтқан болатын. Өйткені стилі өзге отандық әншілерге ұқсай бермейді. Дәл осыны оның мінезіне де қатыстырып айтуға болады. Тыңдармандарына тек жанды дауыстағы әндерді тарту еткенді жөн көреді екен. Тойға да көп бармайды әрі әріптестер арасындағы отырыстардан бой көрсете бермейді.

6 

Берік Айтжанов

Кино индустрия саласында Берік Айтжанов көптеген образды сомдап үлгерді. Оның ішінде ержүрек батыр да, тракторшы жігіт те, ғашығының соңынан жүгірген романтик те бар. Десе де актер көпшілік ортасында емін-еркін ашылып әңгіме құрғанды ұнатпайды. Себепсіз жымиюдан да аулақ. Мұны кей адам жұлдыз ауруымен байланыстырады.

7 

Саят Исембаев

Актер Саят Исембаев “Рэкетир” фильмінен кейін бұзық жігіттің рөліне еніп, енді сол образдан шыға алмай жүрген тәрізді. Қай кезде де байсалды болуға тырысады.

8 

Еркін Нұржанов

Сахнада болсын, суретте болсын әнші Еркін Нұржановтың қатты күліп, өзін емін-еркін ұстағанын байқау қиын. Халық оны қоңыр мінезді әншілер қатарына жатқызады. Кей тыңдарман әншінің жүзі суық екенін де айтып жатады. Бұл да байсалды мінезімен байланысты болса керек.

9 

Иван Бреусов

Бір кездері ерекше танымалдылыққа ие болып, өзіндік тыңдармандарын тауып үлгерген “101” тобының солисі Иван Бреусов те көп күлгенді ұнатпайды. Тіпті қарсы алдында тұрған адамға жанарын көрсетпеуді жөн көріп, қара көзілдірік киіп жүреді. Бірақ әріптестер арасындағы отырыстардан барынша ашылып, күліп жүретінін байқауға болады. Әнші өзіне суық жүзді азаматтың образын қалыптастырғысы келіп жүрген сыңайлы.

12 

Жанар Дұғалова

Жұрт жақында депуттатық мандатқа қол жеткізе алмаған Жанар Дұғалова жүзінің суық екенін осыған дейін де айтқан болатын. Тіпті оның арықтығынан шошитын көрінеді. Әсіресе, топқа алғаш келіп, Мөлдір Әуелбекованың орнын басқан кезде “Қыздарды қанша жерден бояп, қымбат көйлек кидіріп қойса да, жас айырмашылықтары бірден көзге ұрып тұрады. Оны қойшы, жүздерінде жылылық жоқ қой. Көңілсіз, жанды қуыршақ секілді құдды”  сынды пікірлер айтылған-ды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...