Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрынын да «Ғажайып 40 күн атты» қойылымны...
«Томирис» фильмінің басты кейіпкері түсірілімдерді аяқтады
Ақан Сатаевтың «Томирис» ауқымды тарихи туындысының басты кейіпкері Альмира Тұрсын жобадағы түсірілімдерін аяқтады. Бұл туралы фильм режиссері Инстаграмда хабарлады.
«Бүгін біздің «Томирис» жобамызда фильмнің басты кейіпкері Альмира Тұрсын түсірілімдерді аяқтады. Керемет сомдалған бейне үшін, киноға деген махаббат үшін және жұмысқа жан-тәнімен берілгендігі үшін алғыс білдіремін»,-деп жазды Ақан Сатаев. Еске сала кетсек, алматылық Альмира Тұрсын мамандығы бойынша психолог және тұлғалық даму жөніндегі жаттықтырушы. Ақпан айының басында, тарихи фильмде басты рөлге бекітілгеннен кейін ол халыққа кеңінен танымал бола бастады. А. Тұрсынның массагеттер патшайымы бейнесіндегі суреті Қазнет арқылы тарап, бойжеткен қазақстандық сұлулықтың эталонына айналды.