«Қарашаңырақ – 2021» жаңа қойылымдар фестивалі көрерменін күтеді

ТЕАТР
1152

2021 жылдың 7-11  желтоқсаны аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі «Қарашаңырақ – 2021» жаңа қойылымдар фестивалін өткізеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фестивальдің мақсаты – жаңа қойылымдардың шығармашылық сапасын, оның ішінде актерлердің табысты жұмысын анықтау. Актерларға жаңа серпін беріп, көрермен мен театр арасындағы байланысты нығайту. 

«Оң қол» қойылымынан көрініс (реж.: А.Шәріп)Фестиваль барысында қазылар алқасы номинациялар бойынша үздіктерді анықтап, жеңімпаздар 14-желтоқсан күні сағат 11.00-де өтетін фестивальдің жабылу салтанатында марапатталады. 

Фестиваль күнтізбесі:

7 желтоқсан  О.Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы (режиссер: Н.Дубс), басталуы: сағат 18.30-да;

8 желтоқсан – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Әбдіктің «Оң қол» хоррор-драмасы (реж. А.Шәріп), басталуы: сағат 18.30-да;

9 желтоқсан – Б.Қажынәбиеваның «Туған күн» моноспектаклі (реж. Е.Кәрібаев), басталуы: сағат 18.30-да; 

10 желтоқсан – жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Нұрмағанбетовтің «Барымен базар» комедиясы (реж. Н.Жұманиязов), басталуы: сағат 18.30-да;

11 желтоқсан – Б.Брехтің «Пері қатын» драмасы (реж. Е.Нұрсұлтан), басталуы: сағат 18.30-да.

«Екеуміз» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Дубс)madeniportal.kz

Жаңалықтар

Президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек еді, бірақ елде әскери жағдай сақталады, деп хабарлайды mad...

ӘДЕБИЕТ

      «Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады» деген екен қазағым. Өткен ғас...