«Ғажайып 40 күн»

ТЕАТР
1280

Республикалық мемлекеттік академиялық корей театрынын да «Ғажайып 40 күн атты» қойылымның тұсаукесері болып өтті. Бұл қойылымда Корей ұлтының туған жерінен еріксіз ажырап, қазақ даласына келу тарихы баяндалады.

Кеңес Одағының жауыз саясатын нәтижесінде репрессияға ұшыраған корей ұлты да сол кезеңде үлкен нәубетті бастан кешірді. 1937 жылы Қиыр Шығыстағы 170 мыңнан астам корейлерді жүк вагондарына тиеп, Қазақстанға жер аударады. Жылы киімдері мен тамақтың жоқтығынан, талай адам қақаған қыста жол үстінде қаза болады. Бұл азапты сапар қырық күнге созылады. Кеңпейіл де мейірімді қазақ халқы, азапқа ұшыраған корей халқына көмек қолын созып, қамқорлығына алады. Корейлер өздерімен бірге әкелген бір уыс күріш тұқымын егіп, қазақ жерінде ата кәсібін жалғастырады. Спектаклде осы қиын кезеңнің шындығы, сол уақыттағы қазақ халқының қамқорлығын көрініс тапты. Қойылымды Корея Республикасынан келген режиссер Кан Тхе Сик қойды.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...