Әлемнің оқыған жұрты ақсүйек, кіді мінезді өнер деп бағалайтын балет өнері мен секілді далада өскен...
Ф.М. Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры
Орыс драма театры 1937 жылы 31 тамызда Семей қаласында ашылды.
Өткен жылдар ішінде театрдың творчестволық ұжымы айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Театр труппасы Ұлы Отан соғысы жылдарында, одан кейінгі уақыттарда белсенділіктік айырықша үлгісін танытып, еңбек етті. Совет Үкіметі үстемдік құрған кезде де театр коммунистік партияның сенімді көмекшісі бола білді.
Театр заманаға сай талаптарға үн қосумен бірге классикалық шығармаларды да сахналап көпшілік көңілінен шықты. Театрымыздың сахнасында Ф.М.Достоевскийдің психологиялық бағыттарды ұстанған қойылымы күрделі шығармалары жарыққа шықты. Ұлы жазушы Семей қаласында бірнеше жыл өмір сүріп, өзінің сүбелі шығармаларын жазғаны баршаға белгілі. Сондықтан, театр Ф.М.Достоевский атын алуға өтініш білдірген еді. 1975 жылы театрымызға Ф.М. Достоевский аты берілді.
1970 – 1980 жылдарда театр халықаралық, бүкілодақтық және республикалық фестивальдардың лауреаты атанды. Сахнада қазіргі заманға драматургтермен қатар әлемге әйгілі классикалық туындылар қойылды.
Театрда өзгеге үлгі боларлық актерлер өсіп жетілді. Олардың қатарында Қазақ ССР-ының халық артисі Т. Загвоздкина теңдесі жоқ талантымен халық құрметіне бөленді. 1939 – 1969 жылдар аралығында еңбек еткен Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген артистер Н.Батулин, В.Забирунов, Г.Кристель, Р.Маркова, С.Попов және тағы басқалар талантты жолдарды жалғастырды.
Бүгінгі күнде театрымызда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі С. Забелкина, Мәдениет қайраткерлері Л. Короткова, Ф.Любецкий еңбек етеді.
Дәстүрлі жолын жалғастырып келе жатқан театр үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. Алдыңғы толқынның өкшесін басқан А.Глушков, Г. Белова, В. Инешина, И.Шевцов, Е.Калининалар шын мәнде мақтанышымыз.
Театр жастары А.Сухов, В.Макеев, В.Щеголева, Е.Дручинина және тағы басқалар болашағынан зор үміт күттіретін өнер иелері. Артистер Е.Дручинина, А.Глушков, В.Макеев Ресейдің Екатеринбург қаласындағы театр институтында оқиды.
Аталған жылдар ішінде театр Волгоград, Владимир, Кишинев, Барнаул, Новокузнецк, Бийск, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Астана, Шымкент және басқа қалаларда гастрольдік сапарларда болды. Қай жерде өнер көрсетпесін театр труппасы үнемі көпшіліктің құрметіне бөленуде.
Театр 1986 жылы Венгер халқының драматургы П. Шармандидің “Үш сиқырлы конверт” спектаклін қойып, халықаралық фестивальдің лауреаты атанды.
1986 жылы Петрашкевичтің “Дабыл” спектаклі үшін республикалық фестивальдің лауреаты болды.
2000 жылы Жезқазған қаласында өткен республикалық фестивальда Н.Саймонның “Күйеуді қалай қайтару керек ” спектаклімен қатысып, көрермендердің көзайымы жүлдесіне иеленді.
2002 жылы Павлодар қаласындағы фестивальда театр Н.Птушкинаның “Ол өліп бара жатқанда” спектаклін қойып, республикалық фестивальдің лауреаты атанса, спектакль режиссері Л.Титов үздік режиссер жүлдесін алды.
2004 жылы Қостанай қаласында өткен фестивальда Н.Саймонның “Банкет” спектаклі бойынша тағы да лауреат атаққа ие болды.
2006 жылы Астана қаласындағы фестивальға Ф.Достоевскийдің “Қылмыс пен жаза” спектаклін апарған болатын. Бұл жолы да театр ұжымы оза шауып бәйге алды және лауреат атанды.
Театр ұжымы актерлік шеберлікті жыл санап дамыта түсіп, отандық және шетел драматургтердің шығармаларымен халықты кеңінен таныстыруды алдына мақсат етіп қойып келеді.