Негізгі бағыттары: - Кітапхана қорына түскен ұлттық әдебиеттің барлық ақпараттық-библиографиялық мәліметтер жиынтығына оқырман қолжетімділігін қамтамасыз ету; - отандық басылымдарға оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында сапалы, мазмұнды қосалқы қор ұйымдастыру.
Негізгі қызметтері: - оқырмандардың отандық басылымдарға және шет елдерде басылған Қазақстан туралы әдебиеттерге ақпараттық сұранысын қанағаттандыру; - қосалқы қорға түскен жаңа әдебиеттер жайлы оқырмандарға мәлімет беріп отыру, насихаттау; - оқырмандардың ақпараттық қажеттілігін және тақырыптық сұранысын зерделей отырып, қосалқы қорды толықтыру; - қосалқы қордың дәстүрлі және электрондық каталогтарын жүргізу; -жаңа түскен басылымдар көрмесін және тұрақты тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру; - оқырманның тақырып бойынша әдебиеттер таңдауына библиографиялық көмек көрсету; - цифрлық кітаптарға және толық мәтінді дерекқорларға қолжетілімділікті қамтамасыз ету; - қазақ тілін үйренуші оқырмандарға тегін оқу курстарын ұйымдастыру.
Оқу залында: 1.Ашық қорда: - «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан әдебиеттер; - барлық ғылым саласы бойынша әдебиеттер; - анықтама-библиографиялық әдебиеттер; - Қазақстанның көркем әдебиеттері. 2.Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі. 3.Тақырыптық көрмелер; 4.Жаңа басылымдар көрмесі ұсынылған.
Құрылымы: 1.Ұлттық әдебиеттерді ұсыну тобы; 2.Салалық әдебиеттерді ұсыну тобы; 3.Ғылыми әдебиеттерді ұсыну тобы; 4.Кітап топтамаларымен жұмыс жасау тобы.
«Қазақстан кітаптары» қызметі жанында«Парасат»жастар клубы жұмыс жасайды.
Клубтың мақсаты – жастарды оқуға және кітапқа тарту, олардың интеллектуалды деңгейін арттыру және дамыту, өскелең ұрпақты шығармашылыққа ынталандыру.