Күзетшіні аяусыз өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
872

«Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінің ауласында күзетші Нұрбол Қайыпбаевты аяусыз өлтірген экс-депутаттың ұлы 22 жылға сотталды, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2024 жылы 29 наурыз күні Алматы қаласындағы «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінің ауласында болды. Сотталушы бұрынғы депутат Саламғазы Тастандиевтің ұлы — Асқар Тастандиев. 

Марқұмның туыстары 100 млн теңге көлемінде моральдық залалды талап етті. Алайда сот тек 20 млн. теңгені қанағаттандырды.

Тастандиевқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған.

  • 99-бап «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру»;
  • 147-бап «Жеке өмірге қол сұғу».  

Екінші бапқа сәйкес, сот процесі жабық өтті. Айыпталушының соңғы сөзін айтуы алғашында белгіленген уақыттан төрт рет кейінге шегерілген. 

Екі айып бойынша прокурор айыпталушыға 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Еске сала кетейік, Тастандиев көлік ішінде отырып, қақпаны жабуға тырысқан күзетшіні қағып кеткен. Кейін көліктен түсіп, жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Асқар Тастандиев шенеунік отбасынан шыққан азамат. Ол жоғарғы кеңестің XIII шақырылымының депутаты және Талдықорған облысы прокурорының аға көмекшісі болған Саламғазы Тастандиевтің ұлы.

Куәгерлердің айтуынша ол адамның осы күнге дейін де біраз ісі полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен. Алайда ол түрлі айламен сытылып кетіп отырған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жолсерік пойызда баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Келес станциясында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда мас отағасы қызы мен зайыбын ұрып-соққан. Ал патрульдік тәртіп сақшылары келгенде пышақ а...