2018 жылдың үздік фильмі анықталды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2401


Америкада жыл сайын өтетін People's Choice Awards сыйлығының «2018 жылдың үздік фильмі» аталымында көрермендер Marvel студиясы шығарған «Кек алушылар: Шексіздік соғысы» фильміне дауыс берді. 

Бұл туралы Enews порталына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды. 

Сыйлықтың өзге де аталымдарының үздіктері анықталды. Көрермен қалауы бойынша, Джеймс Фоулидің «Еркіндіктің елу реңкі» картинасы - үздік драма, режиссер Сузанна Фогельдің «Мені лақтырған тыңшы» фильмі - үздік комедия, «Суперотбасы 2» мультфильмі - үздік отбасылық фильм атанды. 

Киносүйер қауым «Қара пантера» фильмінің бас кейіпкері Чедвик Боузманды үздік актер деп таныса, Скарлетт Йоханссонды биылдың үздік актрисасы ретінде мойындады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы Lider.kz еріктілер қозғалысы із-түзсіз жоғалған азамат Иван Дудиннің анасынан айы...

Шоу-бизнес

TikTok желісінде блогер Әсел Асқардың жарнамасына еліктеп, соңында бармағын тістеп қалған бойжеткенн...