«Өлі жандар»: траги-фарс жанрындағы алғашқы қойылым

Жаңалықтар
2864

2021 жылдың 6, 7, 8 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры көрнекті жазушы-драматург Михайл Булгаковтың 130 жылдығына орай «Өлі жандар» (Н.В.Гоголь поэмасы негізіндегі траги-фарс) қойылымның премьерасын көрермен назарына ұсынады. 

Туындыны қазақ тіліне аударған Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Гүлнар Салықбай. Қоюшы-режиссері театрымыздың жас режиссері – Ерназар Жаңатілек. 

Ұлы классик М.Булгаковтың «Өлі жaндap» пьесасы өмір сүруге деген құштарлықтарын ашатын туынды. Сонымен қатар, қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, оларға өзіндік шешім де айтады. Солардың бірі - сыбайлас жемқорлық. Ол өз кезегінде, мемлекетті құлдыратып, жетістіктерді жоққа шығарып, адамдардың рухани өміріне қауіп төндіретіні індет. Бұл – барша адамзатқа ортақ шындық. Туындыда өзекті мәселелер ащы әзілмен, ойлы күлкімен айтылып, көрерменді шынайылық, адалдық әлемінің тереңіне бойлатады.

Рольдерде: Чичиков ролін - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов пен Аман Ғұмаров, Манилов - Абзал Арапов, Михаил Семенович Собакевич - Азамат Болатов, Плюшкин - Ақәділ Иманғали, Ноздрев - Қазыбек Есқара, Настасья Петровна Коробочка - Мақпал Дүйсен, Илья Ильич - Шалқар Мұралтай, Полицеймейстер - Саламат Мұқашев, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы - Талғат Кеңес, Мавра -Альфия Хайзуллиева, Мижуев - Әлихан Әлішер, Петрушка - Еламан Иманбаев, Селифан - Аққанат Қуандық.

Қойылым тобы: Қоюшы-режиссері - Е.Жаңатілек, Қоюшы хореограф -Уәлитбек Сиязбек, Костюм суретшісі - Іңкәр Каримова, режиссердің ассистенті - Еламан Иманбаев, режиссердің көмекшісі - Аққанат Қуандықов және көпшілік сахнада театр артистері ойнайды.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...