"Алтын адам" жерленсе, Алаш қайта гүлденер!

Жаңалықтар
3039

Есік қорғанынан 50 жыл бұрын табылған «Алтын адам» биыл  жер қойнына қайта берілмек.  Яғни осы уақытқа дейін жәшікте сақтаулы тұрған сүйектер өзінің қазылып алынған жеріне қайта қойылып, «Алтын адамның» рухы байыз таппақшы.  Бұл өзі тарихтан бөлек тылсыммен де  байланысты болған соң, еліміз үшін өте-мөте қуанышты хабар! Неге дейсіз бе?

Таулы Алтай Республикасында бұдан екі мың бес жүз жыл бұрын жерленген Үкек (Алтайда осы аттас өзен бар) ханшайымның мумиясы 1993 жылы қазып алынып, Новосібірде 20 жыл бойы ғалымдар зерттеуінен соң, Таулы Алтай республикасына қайтарылып, арулап қайта жерленгені  белгілі. Содан бері Ханшайымның қаһарына ұшырадық деп қорқып жүрген Алтай өлкесінде  мамыражай тыныштық орнапты. Ал одан бұрын сүйек қазылып алынған 1993 жылы жергілікті тұрғындар арасында толқу басталған. Жер сілкінген. Өзін-өзі өлтіретіндер мен ауру-сырқаулар саны күрт көбейген. Он жылдан кейін, 2003 жылдың қыркүйек айында Рихтер шкаласы бойынша 7,3 балл болған қатты жер сілкінуін де жұрт Алтай ханшайымының назасымен байланыстырған-ды.  Себебі жер сілкінуінің орталығы Қосағаш ауданындағы Алтай ханшайымының сүйегі қазып алынған жерге жақын арада болған. Жалпы, ханшайымның зары салдарынан Алтай өлкесінде отыз мыңнан астам жер сілкінісі тіркеліпті. Алтай шамандардың айтуынша, дәл осы мумияның кесірінен Ресейде соңғы 20 жылда түрлі табиғат апаттары мен қанды оқиғалар тым жиілеп кеткен. Кезінде Ақ үй атқыланып, азамат соғысы туып кете жаздағаны да осы оқиғадан соң орын алған. 2009 жылы дәл сол ханшайымның сүйегі қазып алынған жерге жақын орында биік лауазымды шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшыраған.  Өзінің мүрдесін жалаңаш тәнімен көпшілік алдына жайып салғандарға назаланып, аһ ұрған ханшайымның зарына шынында да қара жердің өзі қарсылық білдірген шығар сол кезде.

Кезінде Самарқандағы әлем әміршісі атанған әйгілі Әмір Темірдің мүрдесін қазып алғанда, Ұлы Отан соғысы басталып кеткенін еске алсаңыз, Сақ ханшайымын қазып алғандағы жағдай да тап сол сияқты елестейді. 1943 жылы жез мұрт Сталин Ақсақ Темірдің мүрдесін Самарқандағы өз орнына қайтарғаннан кейін, артынша Сталинград майданында жеңіске жету жолында шешуші рөл атқарған жеңіске жетеді. Кім біліпті, «Алтын адам» биыл қайта жерленсе,  жасөспірімдер арасындағы суицидтен әлем бойынша бірінші орында тұрған  Қазақстанның да дәл қазір  бір жағына ауып тұрған жүгі түзелер бәлкім..

."Қамшы" сілтейді

Жаңалықтар

Абай облысында әскери қызметкерді өлтіру ісі бойынша сот үкімі шықты. Үржар аудандық қорғаныс істері...

Жаңалықтар

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламен...