Біздің комедияға нәзік юмор жетпейді

ЖАҢАЛЫҚТАР
3673

Жақында француздардың "Ақымақ үйлену тойы" деген кинокомедиясын көрдім. Ұлтшылмын деген адамдардан кешірім сұраймын, нағыз толеранттықтың көкесі осы фильмде! Бір француз отбасының төрт сұлу қызы болады. Біріншісі арабқа, екіншісі еврейге, үшіншісі қытайға күйеуге шығады. Әке-шешелелері қатты ренішті. Олардың соңғы үміті - төртінші қызында, осы ақылды қызымыз қалайда французға күйеуге шығады деп армандайды олар. Ал ол қызы ...негрді таңдапты. Ата-анасы қапалы. Шешесі психологқа қаралса, әкесі балық аулауды сылтауратып, оңаша жылап алады. 

Актерлар құрамы әр ұлт, нәсілден таңдалған, олардың кәсіби шеберлігі, мәдениеттілігі, интеллектуалдығы көзге ұрып тұр. Біздің қазақтың қазіргі кинокомедияларын қарасаңыз актерлар күлдіремін деп бет-аузын орынсыз қисаңдатып, неше түрлі дыбыстар шығарып , мал қайырғандай айқайлап жатады. Онысымен күлдірсе бір сәрі. Ал француз кинокомедиясында сыпайы, мәдениетті, бірақ күлесің. Нәзік юмор, талғам, білімділік, шеберлік!

Сәулеш Шәтенова

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...