Құлақ түре жүріңіздер

Жаңалықтар
1089

28 қаңтар. ДҮЙСЕНБІ 

Мәліметтерді қорғау күні 

Жеке мәліметтерді қорғау туралы конвенцияға сәйкес 28 қаңтар Мәліметтерді қорғау күні болып белгіленді. Бұл күнді өткізу мақсаты азаматтардың өздері туралы қандай мәліметтер не үшін жиналып жатқанынан хабардар ету болды. Бұл күн 2007 жылы белгіленді және алғаш рет аталып өтті. 

Комьюнити-менеджерлер күні 

Жыл сайын әлемнің түрлі елдерінде қаңтардың төртінші дүйсенбісінде тойланатын кәсіби мереке. Комьюнити-менеджерлер - жасампаздық, даму, басқару және қоғамдастық өкілдерімен қарым-қатынас жасауға жауапты қызметкерлер. Олар, сондай-ақ UGC-жүйелерді жасап, оларды қолдаумен айналысады. Комьюнити-менеджердің жұмысы PR, HR, әлеуметтік психология және басқа да гуманитарлық салалардың тоғысында жатыр. 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1955 жылы Қазақ КСР халық әртісі Асқар Тоқпанов Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанынан театр факультетін ашты, 1977 жылы оның базасында Алматы театр-көркемсурет институты ашылды.   

1989 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтына Қазақстанның тұңғыш халық ағарту комиссары, мәдениет пен өнерді дамытуға сүбелі үлес қосқан Темірбек Қараұлы Жүргеновтің есімі берілді. 1993 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институты Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 ақпандағы №236 қаулысына сәйкес, бұрынғы Қазақ мемлекеттік театр және кино институты мен Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы негізінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы құрылды. 

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды. 

1993 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын қабылдады. 

1994 жылы Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында ұлы Абайдың шәкірті, ақын Көкбай Жанатайұлы атындағы қор ашылды. 

1994 жылы «Қазақстан-Заман» бірлескен қазақ-түрік газетінің базасында қазақ тіліндегі халықаралық тәуелсіз апталық - «Түркістан» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Бірінші бас редакторы - Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов. 

2011 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Болашақты бірге жасайық!» Жолдауын таныстырды. 

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) өзінің ресми сайтын, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі веб-ресурсы - ortcom.kz таныстырды. 

2013 жылы Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы елшілігінің «Caspian Service» ЖШҚ орындаған жобасы аталмыш елдің экономика саласындағы беделді сыйлықтарының бірі - Azeri Business Award-2012 ұлттық сыйлығының «Халықаралық жобалар аясындағы инновациялық сәулеткерлік шешімдер» аталымын жеңіп алды. 

2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Тайқазан», «Amir Timur», «Боран», «Шәкен Айманов», «8 наурыз» және «Баскетбол. Олимпиада ойындары-2016» естелік монеталарын шығарды. Монеталар 925-ші сынамалы күмістен шығарылған. Максималдық тиражы - 3 мыңнан 13 мың данаға дейін. 

2015 жылы Қазақстандық «Ғарыш байланысының республикалық орталығы» (ҒБРО) АҚ және ресейлік «Академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйелер» ААҚ қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне тапсырыс беруші және оны дайындаушы ретінде «KazSat-3» ғарыштық байланыс жүйесін құру туралы жариялады. Қазақстанда «KazSat-2» және «KazSat-3» ғарыш аппараттарының топтамасы құрылып, еліміз «KazSat» спутниктік байланыс пен хабар таратудың ғарыштық жүйесінің толыққанды иесі атанды. 

2017 жылы Алматыда Бүкіләлемдік XXVIII Универсиада басталды. Оны хоккейшілер бастап берді. Спорттың осы түрінен Универсиада медальдарын Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия және Жапония құрамалары сарапқа салды. 

2018 жылы Қытайда өткен Global golden chart awards салтанатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Үздік әртіс» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Салтанатты шара Бейжіңдегі «Жұмысшылар» стадионында өтті. Димаш қытай тілінде ән айтты. 

2018 жылы Қазақстанда және Ресейде танымал актер, продюсер әрі режисер Санжар Мәди АҚШ-та «Спорт оскары» сыйлығының иегері болды. «Спорттық Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі жыл сайын Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында өткізіледі. Акцияға бүкіл әлемнің белгілі саясаткерлері мен бизнесмендері, спортшылары қатысады. «Спорттық Оскар» - айқас өнері мен жекпе-жек саласында өткізілетін халықаралық айтулы оқиғалардың қатарына жатады


inform.kz 

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...